Русский Сайттың толық нұсқасы

Тамыз айында ауа температурасы төмендейді, - «Қазгидромет» РМК

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2020
  • 5655

Тамыз айында ауа температурасы төмендейді. "Қазгидромет" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын директоры осындай болжам айтты. Жаздың соңғы айы салқын, әрі жаңбырлы болмақ. Ал, алдағы демалыс күндері яғни 25 және 26 шілдеде көптеген аймақтарда нөсерлі жауын жауады. Қазақстанның батыс аймақтарында 43 градусқа дейін күн ыситыны хабарланып отыр. 

Данара ӘЛІМБАЕВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК ДИРЕКТОРЫ:

Тамыз айында Қазақстан территориясының солтүстік жартысында норма +17, +22 градус. +15, +16 груадус шығыс аймақтардың тау бөктерлі аудандарда, +23, +27 градус батыс және оңтүстік аймақтарда. Ауа температурасы норма шамасында болатынына қарамастан ауа массаларының жиі алмасуына байланысты жауын-шашынсыз ыстық күндермен қатар салқын күндер де болады.


А. Данияр