Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды, - ІІМ

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2020
  • 3010

Қарағанды облысында бүлдіршінді зорлады деген күдікке іліккен жергілікті тұрғын қамауға алынды. Қасқойдің үстінен екі бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Күні кеше Сәтпаев қаласының Ішкі істер басқармасына бүлдіршіннің жоғалғаны туралы арыз түскен. Дереу іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бала қаладағы көп қабатты үйлердің бірінен табылды.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Сол жерде кішкентай қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолдарына беруді талап етіп, шу шығарды. Жаппай тәртіпсіздікке жол бермес үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынды. Бұл оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда.

Түркістан облысының Шорнақ ауылында да бірнеше адам қамауға алынды. Олар жастар арасында тұрмыстық бүлік тудырған деген күдікпен қолға түсті. Тараптар бір-біріне тас лақтырып, нәтижесінде учаскелік инспектор мен 3 тұрғын жарақат алған. Министрі қазір жағдайдың тұрақталғанын жеткізді.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Жанжалға қатысы бар 4 азамат анықталып, ұсталды.  Қазір кезде жанжалдың неден шыққанын, барлық мән-жай тексеріліп жатыр. Бұзақылық фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бірақ арандатушылар әлеуметтік желі арқылы тәртіпсіздік жасауға шақырып,  жалған ақпараттар таратқан.

А. Данияр