Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 78 мыңнан асты, - ДСМ

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2020
  • 1797

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 78 мыңнан асты. Денсаулық сақтау министрілігінің ұсынған мәліметі - осы. Өткен тәулікте індетті 1600ден аса адам жұқтырғаны анықталды. 50 мыңдай науқас сауығып, үйлеріне босатылған. Олар алдағы 14 күн дәрігерлердің бақылауында болады. Ал, жұқпалы кесел 610 науқастың өмірін жалмады. Осылайша, Қазақстан COVID-19 бойынша әлемдік статистикада 28-орынға шықты. Індетке дүниежүзінің 15 жарым миллион тұрғыны шалдығыпты.

А. Данияр