Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда ағаштан түрлі бұйымдар жасайтын мүгедек екі жылдан бері шеберханада тұрып жатыр

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2020
  • 2754

Қызылжарда ағаштан түрлі бұйымдар жасап, оны сатып күн көріп жүрген мүгедек шеберханада тұрып жатыр. Шебер Сергей Сапко қазір тауарына сұраныс азайғанын айтады. Нәпақасының басым бөлігін цехті жалдауға жұмсайды екен. Табыс аз болғандықтан кембағал шеберханада тұруға мәжбүр. Айтуынша, таза шеберліктің арқасында күн көру өте қиын. Дегенмен ол көшеде қайыр тілегеннен, еңбекпен келген нан әлдеқайда тәтті болатынын жақсы біледі.   

Сергей САПКО, ШЕБЕР:

Мемлекет беріп отырған жәрдемақының тең жартысы дәріме кетеді. Сондықтан айлық шайлыққа жетпейді, шыны керек. Жергілікті билік цехпен және қосымша қондырғымен көмектесеміз деген. Бірақ, уәделері сөз күйінде қалды.

Бірінші топтағы мүгедек Сергей Сапко бұл шеберлікке жастайынан ден қойған. Ержеткесін құрылыс саласына бет бұрып, бірнеше жыл бойы сонда жұмыс істепті. Бірақ 2008 жылы құрылыста қатты жарақат алып, қос аяғынан айырылған. Үйде омалып отырудан қажыған ол қайтадан ағаш өңдеу шеберлігін қолға алған. Алдымен қарапайым тақтайшаларды өңдеп үйренген. Кейін орындықтар жасап, саудалапты. Ал, қазір сұранысқа сай, асүйге арналған бұйымдар мен кәдесыйларды ғана жасап жүр. 

Сергей САПКО, ШЕБЕР:

2016 жылы Даму қорының грантын ұтып, 300 мың теңгеге қондырғы сатып алдым. Қазір ағаштан қасық, тарелке, ожау, оқтау және т.б басқа заттарды жасаймын. Тауарды әлеуметтік желі арқылы сатып отырамын. Кейде сауда үйлеріне апарамыз.

А. Құрманкин