Нұрсұлтан
Назарбаев Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады. Кездесуде Қарулы
Күштердің қазіргі жағдайы, сондай-ақ министрліктің жұмыс нәтижелері сөз болды.
Қорғаныс министрі Жоғарғы Бас қолбасшыға «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық
оқу-жаттығуының қорытындылары туралы баяндап, оны өткізу барысында өңірлік
қолбасшылықтың әскери барлау-басқару жүйесінің қолданылғаны жөнінде есеп берді.
Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.