Русский Сайттың толық нұсқасы

Н.Назарбаев Қорғаныс министрі С.Жасұзақовты қабылдады

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2017
  • 2420

Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады. Кездесуде Қарулы Күштердің қазіргі жағдайы, сондай-ақ министрліктің жұмыс нәтижелері сөз болды. Қорғаныс министрі Жоғарғы Бас қолбасшыға «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының қорытындылары туралы баяндап, оны өткізу барысында өңірлік қолбасшылықтың әскери барлау-басқару жүйесінің қолданылғаны жөнінде есеп берді. Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.