Русский Сайттың толық нұсқасы

Пандемия салдарынан Боливия мемлекеттік қазынасы Ұлттық банктен несие алғалы отыр

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2020
  • 2178

COVID-19 пандемиясы кейбір елдерді тізе бүктірді. Солардың бірі Боливия. Мұнда мемлекет, орталық банктен қарызға ақша сұрауға мәжбүр болды. Мұны Экономика министрі мәлімдеді. Боливия уақытша Үкіметі осы короновирустық инфекцияға бола елде ұлттық режим жарияламақ. Осыдан кейін, мемлекеттік қазына өз ұлттық банкінен несие алып оны пандемиямен күреске бағыттамақшы. Мұның алдында Боливия төменгі палатасы депутаттары осыған ұқсас Заңның бірін Мемлекетке кері қайтарып берген. Онда Үкіметтің Дүниежүзілік қаржы қорынан 327 млн доллар қарыз сұрағаны көрсетіліпті. Шетелден қарыз ала алмаған соң, енді ұлттық банк қаржысынан үмітті. Еске сала кетейін. Қытайлық індетке шалдыққан екі адам Боливияда алғаш рет наурыздың 10-да тіркелді. Содан бері қауіпті кесел қанатын кеңінен жайып 71 мың адамды ауруға душар қылды. Қаза болғандар саны 2 мың 600 адамнан асты.

Д. Мұхаммедкәрім