Русский Сайттың толық нұсқасы

"Gurban2020kz" сайтына 18 мыңнан астам мұқтаж отбасы өтініш беріпті

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2020
  • 3171

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Биыл Құрбан айт мерекесі жылдағыдан ерекшеленбек. Дүниежүзіне орасан зарбап тигізіп отырған коронавирус індетінің салдарынан мешіттерде Айт намазы оқылмайды және адамдардың келуіне де тыйым салынған. Айта кетесем, қасиетті Құрбан айттың датасы ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр.

Құрбандық шалу рәсімі де де өзгеше болмақ. Ниет білдірген азаматтар бүгін кешке дейін қашықтықтан құрбандық шалуға тапсырыс бере алады.

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:

Пандемия жағдайына байланысты биылғы онлайн бойынша құрбандық шалынған кезде еттің үштен бірі шалған адамға берілмей, түгелдей аз қамтылған жандарға, мұқтаж отбасыларға үлестірілетін болады.

Айта кетерлік тағы бір жәйт, бұл жүйе қала тұрғындары үшін тиімді. Қазірдің өзінде сайтқа елдің түкпір-түкпірінен құрбандық шалуға 1300-ден аса адам ниет білдірсе, 18 мыңнан астам мұқтаж отбасы өтініш беріпті.
 
Бақытжан ӨТКЕЛБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ:

Ауылдағы ағайынға қазіргі кезде құрбандықты өзінің отбасымен шалып, санитарлық нормаларға сай таза ауада өте адам аз өзінің отбасымен құрбандығын шала алады. Сондай мүмкіндіктер бар. Біздің қазіргі құрбандық акциясын өткізіп жатқандығы мақсатымыз: қалалы жерлерде ыңғайлы.

Имамдар құрбандыққа шалынатын ұсақ және ірі-қара малдарға қойылатын талаптарды атады. Шариғат бойынша қой-ешкі, сиыр-түйе 2 жасар болуы шарт.

Бақытжан ӨТКЕЛБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ:

Бірақ шариғат бойынша 6 айлық, еті қонымды  семіз тоқтыны да құрбандыққа шалуға болады. Мүйіздері еші жағынан сынық, құлақтары жоқ немесе жартысынан көбі жоқ, арық-тоқсақ, ауру малдар құрбандыққа жарамайды.


Мал соятын орындар да әзір тұр. Мұнда санитарлық талаптар ескеріліпті. Қасапшылар, имамдар мен әкімдік өкілдері және ет таратын еріктілер де таңнан бастап осы жерде болады. Ал, бөгде адамдардың келуіне шектеу қойылған.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Біз қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы мал базарлардың біріндеміз. Бұл қойлар бұйыртса ертең Құрбан айтта құрбандыққа шалынатын қойлар. Жалпы қазір біз осы малды саудалап жатқан саудагермен сөйлесеміз. Ағай айтыңызшы бұл қойлар қай жақтан келді? Санитарлық талаптарға сай ма?
 
Шерхан БАЗАРБЕК, САУДАГЕР:

Санитарлық талаптарға сай, бұл қойлар жан-жақтан келеді бізге, Ерейментаудан келеді, Баянауылдан келеді жан-жақ келеді. Құрбандыққа шалынатын құлақ-бастары бүтін. Қазір шөп-жемнің бағасы да қымбат болып тұр, соған байланысты қойдың бағасы да қымбат болып тұр. Ең қымбаты - 80 мың теңге, ал арзаны - 30 мың теңге болады.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт кезінде қонаққа бармауға шақырады. Әлеуметтік желі арқылы бір-біріне ізгі тілек жолдап, сыйлық жөнелткеннің еш әбестігі жоқ деді.

А. Данияр