Русский Сайттың толық нұсқасы

COVID-19 пандемиясына қатысты алдын ала болжам жасай алмаймыз, - ДСМ

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2020
  • 2881

"COVID-19 пандемиясына қатысты алдын ала болжам жасай алмаймыз. Ол, санитарлық талаптардың сақталуына байланысты", деді елдің бас дәрігері Алексей Цой. Министрдің айтуынша, қазір елде індетті жұқтыру көрсеткіші тұрақталып келеді. Аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейі де төмендеген. Бұдан бөлек, күздегі вирустық инфекциялардың күшеюі ескеріле отырып, коронавирустық кезекті толқынына да дайындық басталыпты. Министр, "күздегі эпидемиялогиялық жағдайға сақадай саймыз", дейді.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Қазір жағдай толық бақылауда. Біз күзде болатын коронавирустық өршу кезеңіне дайындалып жатырмыз. Ауруханаларда артық төсек-орындар резерві бар. Өкпені жасанды желдету құрылғылары мен дәрі-дәрмектер сатып алуынуда. Қажетті құрал-жабдықтардың барлығын тиісті көлемде жинап жатырмыз. Күзгі кезеңнен қиналмай өтеміз, деген үміт бар.

COVID-19 белгілеріне ұқсас короновирусты-пневмония мәліметтері біріктірілді. Министрліктің деректерінше, өкпе қабынуына шалдыққандар саны 3,3 есеге өскен. 2019 жылдың 7 айында 76 985 адам ауырса, 2020 жылдың дәл осы кезеңінде бұл сан 256 541-ге жеткен. Ал, өлім дерегі 1,9 есеге артыпты. Былтыр 2033 болса, биыл 4042 жағдай тіркелген. Дегенмен бұл сандар жалпы мәліметке енбейді. Жаңа есепке тек 1 тамыздан бастап анықталған науқастар кіргізіледі.

Ажар ГИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

1 тамызға дейінгі пневмония бүкіл дүниежүзі қолданатын халықаралық аурулар классификациясында басқа пневмония деген аурулармен жіктелген. Сөйтіп электрондық жүйеге түсіп кетті.  Дәрігерлеріміз қазір осы өздерінің ықтимал немесе күдікті коронавирустық жағдайларға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шілде айында берген коды бойынша қайтадан жүктеп жүргізіліп жатыр.

Ажар Гиниятқызы соңғы уақытта жаназада, отбасылық мерекелер мен ас беру кезінде індетті жұқтыру дерегі көбейгендігін жеткізді. Жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін мынадай ұсынысы бар екен.

Ажар ГИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Дәрігерлердің атынан министрліктің атынан көпшілікке бармай телефон арқылы "құтты болсын" немесе көңіл айтуларыңызды да телефон арқылы жүргізулеріңізді сұраймыз.


Коронавирус бойынша ағымдағы жағдайға қысқаша тоқталсам. Қытайлық індетке өткен тәулікте 1000-нан аса, пневмонияға 800-ге жуық адамның шалдыққаны белгілі болды. Осылайша COVID-19-бен ауырғандардың жалпы саны 92 мыңнан асса, індеттің белгілеріне ұқсас пневмониямен ауырғандар 6 мыңға жуықтады. "Тәж" вирусынан 62 мың 500 адам емделіп шықты. Өкінішке қарай, КВИ-ден 1058, өкпе қабынуынан 51 адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, лаңмен күрес кезінде 8 мың 500-ден аса медицина қызметкері коронавирусты жұқтырған.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Қиын кезең артта қалды деп айтсақ артық болмас. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді.

Әйткенмен, індеттің жұқтыру көрсеткіші азайғанымен, коронавирустан келер қауіп сейілді деген сөз емес. Аурудың айтып келмейтінін есте сақтап, санитарлық талаптарды ұмытпағаныңыз абзал.

А. Данияр