Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда жаңарған көпір пайдалануға берілді

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2020
  • 2532

Оралда жаңарған көпір пайдалануға берілді. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» компаниясы жаңа көпір құрылысының сәтті аяқталғанын хабарлады. Жоба консорциум әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарлама аясында қаржыландырылған. Нысан үш жылда салынып бітуі тиіс еді. Алайда, мердігер мекеме құрылысты межелі мерзімнен бір жарым жылға ерте аяқтап отыр. Мамандардың айтуынша, жаңа көпір оралдықтарға кемінде бір ғасыр қызмет етуі тиіс.

Халық арасында «Омега көпірі» деп аталып кеткен көпір, өткен ғасырды 70-ші жылдары салынған. Содан бері ол жөндеу көрмепті. Елді мекендер мен саяжайларды қаламен жалғап жатқан өткел кейінгі жылдары аптатты жағдайда тұрған. Жарық көпірдің құрылысына Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг кәсіпорыны 5 млрд теңге бөліп отыр.

ҒАЛИ ИСКАЛИЕВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бұл көпірді түгелдей жаңадан салынды деп айтуға болады. Жаңа технолгиямен 140 діңгек құйылды. 24 және 33 метрлік діңгек орнатылды. Көпірге үш жылға кепілдік берілді. Бірақ құрылысшылар бұл нысан кемінде 100 жыл тұрады деп уәде берді.

Ұзындығы бір шақырымға жуық көлік өткелінің ені де 5 метрге ұлғайды. Отандық өнімдерге маңыз берген құрылысшылар жарық бағаналарын түгелдей алмастырып, жаңасын орнатқан. Соңғы айда құрылыс бригадалары екі ауысым бойынша жұмыс істеп, құрылысты межелі мерзімнен ерте аяқтады.

ЕРЖАН АУБАКИРОВ, КПО КОМПАНИЯСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР БӨЛІМІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:


Бүгінгі таңда әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, кәсіпорын тарапынан бөлінген инвестиция үлесі 400 млн. АҚШ долларынан асады. Компания жыл сайын бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырады. Біз бүгін осындай жобалардың бірінің ашылғанына куә болып отырмыз. Бұл нысан Оралдағы жол инфрақұрылымын, сонымен қатар жол қауіпсіздігін дамытуда оң серпін береді деп сенеміз.

"Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг" компаниясы, кен орнын игеруді ел игілігіне жаратуға күш салуда. Мұны, консорциум өкілдері қадап айтты. Бүгінге дейін өңірде компанияның қаржыландыруымен ондаған әлеуметтік нысан салынған. Олардың тізімін облыс басшылығы анықтап, құрылыс жергілікті кәсіпорындарға жүктеледі.

А. Мүтәлі