Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында жоғалған 19 жастағы қызды Алматы маңынан іздеп жатыр

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2020
  • 3528

Түркістан облысы Отырар ауданында жоғалып кеткен 19 жастағы Ұлпан Әсенді, туыстары Алматыдан іздеп жатыр. Жақындарының айтуынша, ол 23-ші шілдеде ауруханаға барамын деп үйінен шығып кетіпті. Содан бері хат-хабар жоқ. Бойжеткенді жергілікті полиция да іздеуде. Олар Ұлпанның ұялы телефоны соңғы рет Алматы маңында қолданылғанын анықтапты.

Айдар ЖАҚЫПБЕКОВ, ТУҒАН АҒАСЫ:

23-і күні үйден шыққан больницаға барам деп, содан хабар жоқ. Оң жақтағы иығына жара шыққан, соны көрсетем деп кеткен. РУВДдан, GPS-пен тексергенде Шақпақ деген жерден осы Алматыға қарай телефонын бір өшіріп қосқан. Сонымен Алматыға келдім 25-і күні. Көрген-білген адам жоқ. Подружкалары келген жоқ дейді.

Ұлпан биыл Шымкенттегі Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 1-ші курсын тәмәмдаған. Отбасындағы кенже қыз. Ағасының айтуынша, оның бұған дейін артық жүрісі болмаған. Оны енді қайдан іздейтіндерін де білмей дал.

Нұрсұлтан ЕСМАНОВ, ТУЫСЫ:

Уже 1 аптадан асып кетті. Нөмірі өшіріліп тұр. Аман болса екен деп жатырмыз. Жаман біреуге ілініп қалмай. Қайдан іздерімізді білмей отырмыз.

Жергілікті полицейлер де мардымды ақпарат таба алмай отыр. Ізім-қайым жоғалған студентке қатысты іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын ғана хабарлады. 

Талғат БИЖАНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғыны, Отырар ауданының ішкі істер бөліміне 23.07.2020 жылы, 2001 жылғы қыздың жоғалғаны бойынша арызданған болатын. Арнайы іс-шара жүргізіп, табу мақсатында және оның жүрген жерін анықтау мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Психологтардың паймынша мұндай жастағы жастар, сондай-ақ жасөспірімдер арасында үйден кетіп қалу дерегі жиі орын алып тұрады. Оған әсер ететін отбасындағы бірнеше факторды атады.

Айгүл ҚАРАМАНОВА, ПСИХОЛОГ:

Жоғалу себептері жасөспірімдердің арасында көп факторлар бар. Бірінші фактор, ата-анасының көңіл бөлуінің жетіспеушілігі. Екіншіден ата-анасының ішімдікке салынып кеткен жағдайда қашады, үйінен. Мынау соңғы суретіне қарағанда көзі алдамшы, тек мұңға толы. Ренішті, өз-өзін алдап жүрген қыз сияқты.

Ұлпан Әсеннің туыстары қазір көше бойындағы адамдардан, жоғалған қыздың фотосурет көрсетіп, сұрастырып жүр. Әзірге нәтиже жоқ. Бойжеткен сол күні үйден қызыл жейде, қара шалбар киіп шыққан. Өзімен бірге төлқұжатын да алып кетіпті.  

Ә. Лесбек