Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында өзен жағасына барған 15 жастағы бозбала жоғалып кетті

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2020
  • 2136

Павлодар облысында 15 жастағы бала жоғалып кетті. Ауылдастары оның киімін Ертіс өзенінің жағасынан тапқан. Қазір өңір құтқарушылары оны өзеннен іздеп жатыр. Оқиға кеше кешкісін Павлодар ауылының маңында болған. Куәгерлер бозбаланы соңғы рет өзен жағасына барғанын айтыпты.

Серік ШЕРИАЗДАНОВ, ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Куәгерлер байқамаған суға кетті ма, кеткен жоқ па деп.  Олар шамамен 19 адамдай шаруа қожалығының жұмысшылары. Сол жақтан қайтып келе жатып, Ертіске шомыламыз деп тоқтаған ғой. Байқамай қалған қай уақытта суға кеткенін. Тек ғана байқаған қайтар кезінде. Шығарда бір баланы таба алмай қалған.

Қазір оқиға орнында сүңгірулер жұмыс істеп жатыр. Әзірге судан ешқандай белгі таппаған.  Іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды. Жедел құтқару жасағының орынбасары Серік Шериазданов осыдан 4 күн бұрын суға батып кеткен ер адамның да денесі табылмай жатқанын айтты. Десе де іздеу шаралары тоқтатылмайды - деді.  Аймақта шомылу маусымы басталағалы бері 8 адам суға кетіп, ажал құшқан.

Ө. Қуанар