Павлодар облысында жоғалған жасөспірімнің денесі "Ертіс" өзенінен табылды. Сүңгуірлер 15 жастағы баланың мәйітін кешке кешкісін алып шықты. Құтқарушылар оның белгіленбеген жағажайда суға түскенін анықтады.
Ербол ТЕМІРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Кеше 4 тамыз күні сүңгірулер тобы еріктілермен бірігіп бүкіл сол жоғалған маңайда іздестіру жұмыстарын жүргізді. Өкінішке орай жасөспірім баланың денесі кешкі сағат 17:46-да суға батқан жерден 400 метрдей аумақта табылған болатын.
Оқушы осыдан 3 күн бұрын жоғалып кеткен болатын. Төтенше жағдай мамандарының дерегінше марқұм сол маңдағы егін алқаптарының бірінде жұмыс істеген. Жұмыстан қайтып келе жатып, ұжымдастарымен бірге өзенге шомылған. Бірақ, оның қасындағы өзге адамдар баланың суға батып кеткенін байқамаған, деп отыр.Төтенше жағдай мамандары тұрғындарға сақтық шараларын сақтауға шақырады. Әсіресе ата-аналар балаларын су айдындарына жібермеуге кеңес береді. Өңірде карантинге қарамастан шомылу жағдайлары тыйылмай тұрғанын айтты. Осыдан 5 күн бұрын суға батып кеткен ер адамның денесі әлі табылмаған.
Ө. Қуанар