Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы жұқпалы аурумен күрес орталықтарына мамандар қажет

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2020
  • 2612

Алматыда медицина саласындағы мамандарға сұраныс күрт артты. Қаладағы инфекциялық стационарларға дәрігерлер, медбикелер мен еріктілер іздестіріліп жатыр. Бұл туралы қоғамдық денсаулық басқармасы хабар таратты. Қазір осы салада білім алып жүрген студенттерде пандемиямен күреске жұмылдырылған. Өйткені, медициналық мекемелер мен кадрлар әлемді жаулаған кеселге дайын болмады, деді жоғары медициналық колледждің директоры. Оның үстіне қала басшысының тапсырмасымен 350 орындық госпиталь айдың соңында іске қосылмақ.  

Светлана СҰЛТАНҒАЗИЕВА, ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір медицина саласындағы жағдай мен талап күрт өзгерді. Аурухана бір уақытта өте көп адамды қабылдауға дайын болмады. Бұл барлық елде болып жатыр. Сондықтан денсаулық сақтау саласы жаңа нормаға жылдам ауысу керек болды. Қауіпсіздік жоғары, деңгейде болуы шарт. Оған қоса қызметкерлерді тиімді пайдалану керек. Сондықтан да біздің ауруханаларда қосымша жұмыстарды атқаруға арналған кадрлар қажеттігі туып отыр.

Қауіпті індетпен күреске кез-келген адам қабылдана бермейді. Аурулармен тікелей байланыста болатын мамандар, бірінші кезекте жеке медициналық мекемелерінен тартылмақ. Қосымша жұмыстарға студенттері мен еріктілерді алуды көздеп отыр. Жұмыспен қамту басқармасына тіркелген жұмыссыздар арасында да медицина мамандары некен саяқ

Гүлзинат МЕЙІРБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЛЖАУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Он бес шақты медбикелер бар. Олар қазір жұмыстан шығып қалғандағы жәрдемақыны алып жатыр. Жұмыс берушілер еңбек порталына тіркеліп, ашық жұмыс орындарын салады. Өздері Egov.kz қарап жұмыс беруші мен іздеуші екеуін онлайн режимде кездестіре аламыз.


Аталған орталықта қазір 17 мыңға жуық адам тізімге алынған. Олардың басым бөлігі карантин кезінде нәпақасынан айырылған өзге сала мамандары мен қара жұмысшылар. Қазір Алматыдағы 20 республикалық, 74 қалалық және 93 жекеменшік медициналық мекемеде жалпы саны 38 мың маман жұмыс істейді. Ал, Covid-19 індетімен күрес 27 мекемеге жүктелген. Індетпен күресуге қажетті мамандарды басқарма тамыздың соңына дейін толықтырылуы тиіс.

А. Кемелжан