Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 1159-ға жетті,- ДСМ

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2020
  • 2001

Ел ішінде коронавирустан қайтыс болғандар саны 1159-ға жетті. Өлім-жітімді тексеру комиссиясы өткен тәулікте 34 науқас аталған вирустан бақилық болғанын жария етті. Денсаулық сақтау министрлігі кеше 1060 адамның індетті жұқтырғанын анықтапты. Осылайша, республика бойынша COVID-19-ға шалдығудың 96 мыңға жуық дерегі тіркелді. Ал, індет белгілеріне ұқсас пневмониямен 9500 -дей адам ауырып жатыр. Бұл кеселден кеше 16 сырқат көз жұмып, жалпы құрбандары саны - 102-ге жетті.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 912 адам ем қабылдауда. Олардың арасында 139 жеткіншек бала бар. Стационарларда 5 507 науқас жатыр. 20 405 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 170 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 36 науқастың халі аса ауыр дәрежеде деп бағалануда. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Кеселдің дүниежүзіне таралу қарқыны да бысалар емес. "Worldometer" порталының дерегінше, әлемнің 19 миллионнан аса тұрғыны қытайдан шыққан індетті жұқтырыпты. 712 мыңға жуық адам қайтыс болды.

А. Данияр