Русский Сайттың толық нұсқасы

Damumed қосымшасы жарты жыл ішінде 13 мыңнан астам жалған өтінім жасаған, - ҚР ДСМ

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2020
  • 2234

Дәрігерге онлайн жазылып, қаралуға мүмкіндік беретін Damumed қосымшасы кейінгі күндері қып-қызыл дауға айналды. Кейбір, медицина орталықтары елдің атынан дәрігерге жазылып, емделіп шыққаны туралы жалған ақпарат тізіп отырған. Шын мәнінде жағдай басқа. Ешкім ешқандай емхана маңына жоламаған. Damumed қосымшасы қазнетте қызу талқыланды. Денсаулық сақтау министрлігі қосымшаның өтірік ақша жинағанын растады.

Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бірінші жартыжылдықтың өзінде медициналық қосымшада 13 мыңнан астам жалған өтінім анықталды. Дегенмен, қор салымшылары алаңдамаса болады. Өйткені, медициналық орталықтар ол ақшаны міндетті медициналық сақтандыру қорына үш есе қылып қайтарды.

Ал «СҚ-Фармация» компаниясы 8,6 млрд теңгеге коронавирусты емдейтін 5 түрлі дәрі сатып алатын болды. Ол дәрілер үйде емделетіндерге үлестірілмек.

Ерхат ЕСҚАЛИЕВ, «СҚ-ФАРМАЦИЯ» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
 
Көп жағдайда ауру жеңіл немесе орташа жеңіл түрде өтеді, бірақ дәрі қабылдамаса болмайды. Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық жағдайда ем қабылдайтын науқастардан коронавирусты анықтап, оларды емдеуге қажет деп бес түрлі дәріні хаттамаға қосты. Олар қабынуға қарсы парацетамол, ибупрофен және антикоагулянттар: ривароксабан, апиксабан және дабигатран.

Сондай-ақ мамандар Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқы елдердің бірі болып сатып алу мүмкіндігіне ие. Өйткені біз тиісті халықаралық ұйымдар мен бағдарламаларға мүше елміз. Ал, дәріні тегін алатын 2 млнға жуық отандасымыз бар екен. Вакцина шамамен 4-8 мың теңге болуы мүмкін. Министрлік оны сатып алуға 18 млн теңге жұмсамақшы.

Ә. Өмірзақ