Русский Сайттың толық нұсқасы

Бас дәрігер мен жас дәрігердің жанжалы

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2020
  • 4346

Арқалықта ақ халаттылар арасында шу шықты. Өңірлік аурухана дәрігерлері науқастарды емдеудің орнына, бірін-бірі сотқа сүйреп әлек. Даудың басы дәрігер Жасұлан Жүнісовтың видеоүндеуі болды. Ол басшылықтың қысымы мен қудалауына шағым айтып ғаламторға жариялады. 5 жыл терапия бөлімін басқарған оны, бас дәрігер қызметінен босатып, қан талдау бөліміне қарапайым маман етіп жіберген.

Жасұлан ЖҮНІСОВ, АРҚАЛЫҚ ӨҢІРЛІК АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАНСФУЗИОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Карантинде істеп жатқан екі-ақ врач. Мен, сосын инфекционист. Барды да мені сотқа берді. Өзінің врачын главврач өзі видеоға түсіріп тұрып сотқа берді. Енді әрине мен ренжимін. Жыным келеді. Ей мынау деген аңдып бітті-ау мені деп. Профсоюзға барып шағымдандым. Ешкім көңіл бөлмейді. Сосын Президентке жазып жібердім.

Пандемия тұсындағы бас дәрігердің пәрменіне өңірлік аурухананың өзге де қызметкерлері наразылық білдірген. Тіпті денсаулық сақтау министріне ұжымдық хат жолдапты. Олар кезекшіліктерінің 32 сағатқа жалғасатынына шағымданып отыр. Жасұлан Жүнісов, оларды да қазір бас дәрігер қысымға алды дейді.

Жасұлан ЖҮНІСОВ, АРҚАЛЫҚ ӨҢІРЛІК АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАНСФУЗИОЛОГ-ДӘРІГЕРІ:

Анау күні менімен бірге хат жазған 12 дәрігерді солардың әрқайсысын жеке-жеке шақырып, зомбировать етуге тырысты. Қысым жасап жаңағы айтқаны да болды мен сені прокуратураға берем анау тексереді, деп қорқытып енді олар жаңадан келген врачтар басқа жақтікілер конечно қорқады.

Ал, басы дауға қалған Бас дәрігер жас дәрігердің айтқандарын жоққа шығарып әлек. Ол жалған сөйлеп, жала жапқанын айтып ақталды.

Нұрлан ЕРЖАНОВ, АРҚАЛЫҚ ӨҢІРЛІК АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Комиссияның шешімі бүгін-ертең шығады. Күтейік. Содан кейін көрерміз. Қандай заключение болса да любом случае я думаю подавать о защите чести и достойнства потому что мынау видеооброщениеде все клевета.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл дауға қатысты комиссия құрылғанын мәлімдеді. Арнайы топ Арқалық өңірлік ауруханасына барып қайтқан. Алайда комиссия мүшелері әлі нақты шешім шығармапты.

Әнуар ЕДІРЕСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Дәрігер Жүнісов бірқатар сауал жолдады. Оны қарастыруға уақыт керек. Қазір сол сұрақтардың жауабын дайындап жатырмыз. Алдағы уақытта нақты шешіледі.

З. Санай