Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда үй өртеніп, екі адам тірідей жанып кетті

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2020
  • 2290

Алматыда үй өртеніп, екі адам тірідей жанып кетті. Құтқарушылар олардың денесін, өрт сөндіріп болған соң  үйінділердің арасынан тапты. 

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Тілсіз жау түңгі сағат он бірлер шамасында тұтанып, баспананың шаңырағын ортасына түсірген. Төрт бөлмелі үй қызыл жалынға әп-сәтте ораныпты. Өрт сөндірушілер отты 20 минуттың ішінде ауыздықтаған.


Төтенше жағдай мамандар бұл үй бірнеше жылдан бері қараусыз тұрғанын айтты. Баспана қожайыны қаланың сыртында тұрады деп отыр. Бірақ онымен әлі хабарласпаған. Ал, бақилық болғандар ішімдікке салынған көше кезген қаңғыбастар болуы мүмкін дейді.

Гүлдана НҰРЫМБЕТОВА, АЛМАТЫ қ. ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Барлау жұмыстары арқасында екі адамның мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер келген кезде есіктің аузы құлыппен толығымен жабық тұрған. Бірақ терезелері ашық тұрды. Бұл үй электр желілерінен газ желілерден толығымен ажыратылған. Яғни бұл үйде ешкім тұрмаған. Аталған тұлғалар өздерінше ішімдікке бейім үйде отырып отпен абайсызданғаны расталып отыр.

Мамандардың болжамын жергілікті тұрғындарда растады. Олар бұл маңайда тұрғылықты мекен-жайы жоқ, ішімдікке құмар жандар көп жүретінін айтты

Фарид НҰРҒАЛИЕВ, КУӘГЕР:

Түнде менің өкіл әкем сыртқа шығып, үйдің жанып жатқанын байқаған. Бірден өрт сөндірушілерге хабарластық, от лапылдап жанып жатыр екен. Қайтыс болғандарды біз танымаймыз. Негізі іші бос тұрған ескі үй еді. Бәлкім алқаштар ме екен үйде болған. Олар мұнда көп жүреді.

Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, қалада соңғы жеті айда 300-ге жуық өрт оқиғасы тіркелген. Мұның алдын-алу үшін жұмыстары тоқтаған емес. Бірақ нәтижесі көңіл көншітпейді.

Ә. Лесбек