Русский Сайттың толық нұсқасы

Соңғы бір тәулікте 22 адам қаза болды

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2020
  • 1607

Өткен тәулікте ел ішінде қытайлық індеттен 22 науқас көз жұмған. Тағы сегіз адам короновирустық инфекция белгілері бар пневмониядан қайтыпты. Бұл - ресми дерек. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, тамыздың 11 күні елде 1,5 мыңға жуық адам COVID-19-ға шалдыққан. Қазір жалпы саны 24 мың науқас емделуде.  Дәрігерлер жүз адам хәл үстінде жатқанын айтты. Қазір ғалымдар түрлі мемлекеттерден келген вакциналарды клиникалық зерттеуден өткізуде. Денсаулық сақтау министрлігі сондай-ақ осы күнде ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін ойластыруда. Жақында мамандар осы мәселеге орай Мәскеуге арнайы барып қайтпақ. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Telegramm арнасында мәлімдеді.

Д. Мұхаммедкәрім