Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәмелетке толмаған ұлының көлік басқарғаны үшін БҚО полиция департаменті бастығының бұрынғы әйелі жазаланды

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2020
  • 4259

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті басшысының кәмелеттік жасқа толмаған ұлы көлік басқарып жүр. Бұл заңсыздық екенін білмесе керек, жеткіншек өзін телефонына түсіріп, әлеуметтік парақшасына жүктеген. Оның бұл қылығы бүкіл қазнетті шулатты. Суреттегі басшының баласы екенін полицейлер растады. Бірақ ол үшін әкесі жазаланбайды деді. Есесіне, Мақсұдхан Әбіләзімовтың бұрыңғы әйелі әкімшілік жауапқа тартылған. Бұл мәселеге қатысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі сұхбат беруден бас тартты. Тек жазбаша жауаппен шектелді.
 
Әлия НАУРЫЗҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

Видеодағы оқиғаның Ақтау мен Оралда болғаны анықталды. Көлік рөлінде кәмелет жасына толмаған бала отырған. Қазір осы оқиға бойынша оның анасының үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, екі бірдей бап бойынша жауапқа тартылды. Өйткені анасы ұлын он жыл бойы өзі тәрбиелеген. Ол баланың Заңды өкілі ретінде жауапқа тартылып отыр.

Е. Карин