Ақтөбеде COVID-19-ға шалдыққан науқастың бірінің дерті асқынып, аяғынан айырылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы егде жастағы тұрғынның қан тамырлары зақымданғанын айтады. Адам өмірін сақтап қалу үшін аяқты кесуге тура келді,- деді.
Бекболат ІЗБАСАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Бұл- өкпе тыныс алу жүйесі, бірақ сонымен қатар, тамыр жүйесіне де өзінің кері әсерін тигізді. Екі науқаста аяқтарының тамырларының зақымдануы болған. Біреуінде біз ампутация операциясын жасаған болатынбыз, екіншісінеде тамырын байлап, бірақ аяғын сақтап қалдық. Бұл науқастарда аяқ тамырларының тромбозымен асқынған.
Айта кетсек, облыста бүгінгі күні 3 мың 143 адам коронавирустық инфекция жұқтырған. Олар негізіне облыс орталығының тұрғындары. Сондай-ақ, аймақ дәрігерлері "Кавасаки" синдромы бар балаларды да емдеуге күш сап жатыр. Қазір 5 және 15 жастағы екі бала осы дертпен ауруханада жатыр. Олардың жағдайын ақ халаттылар қанағаттанарлық деп бағалап отыр.
Б. Рақметова