Русский Сайттың толық нұсқасы

Бостандық ауданы тұрғындары сары суға зар болып қалды

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2020
  • 3290

Алматының Бостандық ауданына қарасты «Ремизовка» тұрғын үй кешені ауыз су түгіл, сары суға зар болып отыр. Тұрғындардың, шүмектен тамшылаған суды аңдығанына жарты жылдан асты. Елдің арызданбаған жері жоқ.

Малика СМАҒҰЛОВА, ТҰРҒЫН:

Судың мәселесін айтып әкімдікке де, басқа мекемелерге де бардық. "Шыдаңыздар, таза су болады, құбыр тартылып жатыр", дейді. Карантин уақытында үйде тәуліктеп сусыз отырмыз. Өзіміз жуынатын, ыдыс-аяқ жуатын суды техникамен жеткізіп жүр.

Алила СЫДЫҚОВА, ТҰРҒЫН:

Әкімдіктің айтуынша, жаңа құбыр жобасы ендігі жылы жасалады. 2022 жылы құрылысы басталып, 2023 жылы ғана ауыз су беріледі екен. Ал, мында көп балалы жас отбасылар бар. Тәуліктеп сусыз отырмыз.

Тұрғын үйге су осы күнде арнайы техникамен жеткізіл жүр. Оның өзі ішуге жарамсыз. Бұл үй сапалы суға бұрын да жарымаған. Құбырдан сары су ағатын дейді олар. Мына видео оны растайды. Бірақ ол жарты жыл бұрыңғы жағдай. Қазір халық сол суға да зар болып отыр.

Сергей ЧАКАЛОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ:

Судың таза болмауы тікелей су беріп отырған мекемеге байланысты. Негізгі құбыр жарылғандықтан қазір су мүлдем жоқ. Біз ол құбырды 2018 жылы мамыр айында су тасымалдаушы мекеменің құзырына өткізгенбіз. Енді су сапасына солар жауапты.

Мердігердің сөзін су беретін мекеме теріске шығарып отыр. Оның айтуынша, құбыр талапқа сай тартылмаған. Яғни, бұл жұмыстарды компания қабылдамай қойыпты. Десе де, "Орхан" серіктестігінің өкілі, тіршілік көзінің сапасына шаң жуытпайды. "Ауыз су ішуге жарамды", дейді ол.

Таир АБДУЛЛАЕВ, "ОРХАН" ЖШС ӨКІЛІ:


Толщина трубы должна 24 атмосфер. -12 атмсофер. –не может быть. -Давление насоса 14 атмосфер. –Тех. Условаия ваши? –тех. Условия наши.

Сергей ЧАКАЛОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ:


Трубу мы выполнили по подписанному вам проекту  и там указан диаметр и толщина трубы.

Сапасыз су себебін бір-біріне сілтеген екі компания ақыры ортақ мәмілеге келген сияқты. Осы репортаж дайындалып жатқанда 260 пәтерлік кешенге су берілгені хабарланды. Бірақ тұрғындар, ол су ертең ақ қайта тоқтап қалатынына сенімді.

А. Кемелжан