Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясының праймеризі басталды

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2020
  • 2797

Бүгін ел аумағында «Nur Otan» партиясының праймеризі басталды. Кандидаттарды тіркеуге алғашқы сағаттарда-ақ  500-ге жуық адам өтініш берді. Бастауыш партия ұйымдары 129 үміткерді ұсынса, 342 адам өзін-өзі ұсынып отыр.  Өңірлер бойынша Қостанай облысындағы партиялықтар белсенділік танытуда. Партияішілік іріктеу Алматыдағы барлық аудандарда да қарқынды жүріп жатыр. Қаладағы белсенділер саяси сахнада да бақ сынамақшы.

«Nur Otan» партиясының Алатау ауданындағы филиалынан кәсіпкер Нұрымбек Тау алғашқылардың бірі партияішілік сайлауға кандидат болып тіркелді. Ол бұған дейінде игі істерімен көпшілікке танылған болатын. Қаладағы әлеуметтік салаларға қолдау көрсетіп, бүгінде бірқатар адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Елде төтенше жағдай жарияланған күннен бері 5 мың отбасыға азық-түлік себетін таратып, екі ауруханаға 13 оттегі құрылғысын сыйлаған болатын. Енді партияның үмітін ақтауды алдына мақсат етті. 

Нұрымбек ТАУ, КӘСІПКЕР, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мұндағы мақсатымыз – еліміздегі өзгерістерге, жаңашылдыққа, алдағы болатын дамуымызға бүгінге дейін жинаған білімімізді, тәжірибемізді қолданып ат салысайық деген мақсатта тіркеуден өттім. Қазіргі жүргізіп жатқан іс-шараларымыз Алатау ауданындағы 5 емханаға 21 күн бойы күнделікті қымыз бен жеміс-жидектер жеткізудеміз.

Ал қоғам белсендісі Серік Есматов та осы додадан үмітті. Ол партияның Түрксіб ауданындағы филиалынан кандидат болып тіркелді. Балдаққа сүйеніп жүрсе де мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне үлес қосуға дайын екенін жеткізді. Ол өзі секілді мүгедектердің мәселесін көтермек. Оған қоса жастар тәрбиесінде үн қосуға бел буып отыр. 
 
Серік ЕСМАТОВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өздеріңіз көріп тұрғандай, мен еркін жүріп-тұра алмаймын. Сондықтан мен мүгедек азаматтардың қандай қиындыққа жиі тап болатынын жақсы білемін. Мүмкіндігі шектеулі жандардан бөлек, жастар, мәдениет пен спортты дамуты саласындағы өткір мәселелерді шешу мақсатында еңбек етуді алдымен мақсат еттім.

Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры, әрі праймериз кандидаты Мұхтар Төлегеновтың айтуынша, саяси шараға қатысушылардың 20 пайыздан астамы жастар. Бұл - елдің ертеңі үшін еңбек етуге дайын жастардың көп екенін көрсетеді, дейді.

Мұхтар ТӨЛЕГЕН, С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚМУ РЕКТОРЫ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің жастарымыз өте талапшыл, қызығушылығы жоғары. Қазірден бастап кандидаттық бағдарламаны дайындау жолдарын, мақсатын анықтап сұрап жатыр. Бұл шара жастардың елдің алдында, партияның алдында өздерін жаңа қырларынан көрсетуге мүмкіндік береді. 

«Nur Otan» партиясының шығыстағы филиал төрағасы Даниал Ахметов, "аймақта праймериз кандидаттарының дебатын өткізетін алаң дайындайтындарын" жеткізді. Партияның облыстық сайтында кандидаттардың көрсеткіші де жарияланбақ.

Даниал АХМЕТОВ, ШҚО ӘКІМІ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Партияның аймақтық бөлімшелеріне кандидаттардың дебат өткізетін алаңын дайындауды тапсырамыз. Ондағы ғаламтор желісі де сапалы болуы керек. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі, үгіт-насихаты ашық болуы керек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, партияішілік бәсекенің басты мақсаты – Республикалық мәжіліс пен аймақтық мәслихат ұсынылатын үміткерлерді іріктеу. Кандидаттардың тіркеу 28 тамызға дейін жалғасады. Тіркелген үміткерлер 7 қыркүйектен бастап үгіт насихат жүргізіп, жария дебатқа қатыспақ. Ал, дауыс беру бірі мен үшінші қазан аралығына жоспарланып отыр.
 
А. Кемелжан