Русский Сайттың толық нұсқасы

Полиция мен бейбіт тұрғындарға қарсы лаңкестік әрекет жасамақ болған "ДАИШ" өкілдері ұсталды

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2020
  • 2721

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті тағы бір лаңкестік әрекеттің жолын кесті. Келтірілген деректерге қарағанда, Қазақстан аумағында тиым салынған "ДАИШ" халықаралық террористік ұйымы өкілдері, Жезқазғанда терракті ұйымдастырмақ болған. Тергеу құпиялығына байланысты, аты-жөндері өзгертілген Қуандықов, Ақмолов және Әсенов есімді азаматтар 2018 жылы өздері сияқты теріс ағымдағы тағы екі жігітті- қатарларына қосып, полицияға шабуыл жасамақ болған. Сондай-ақ олар бейбіт тұрғындарға қарсы лаңкестік әрекет  жоспарлаған. Террорлық шабуылдар жасау үшін қару-жарақ іздестіріп жүрген кезде- Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің назарына іліккен. Лаңкестер адам көп шоғырланған жерде көлік жармақ болды деген де күдік бар. Нәтижесінде ұйымның 5 мүшесі ұсталды. Қылмыстары дәлелденіп топ белсенділері 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылды. Сотталып кеткен қылмыскерлердің әр қайсысының кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар.

Д. Мұхаммедкәрім