Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтандық оқушыларға мектепке қажетті керек құралдар табысталды

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2020
  • 3931

Нұр-Сұлтандық оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды. «Мектепке даярлық» акциясына мұрындық болған Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігі мен "Nur Otan" партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы. Карантинге байланысты партия ғимаратына 20-ға жуық отбасы ғана шақыртылды. Бірақ акция аясында мың жарымға жуық отбасын қамту жоспарда тұр. Толығырақ, келесі бейнематераилда.

Дәл осындай оқушыға қажетті заттар салынған сөмкелер қаладағы мың жарымға жуық отбасына таратылмақ. Бүгін 20 бала қамтылса, қалғандарының үйлеріне партиялықтар өздері жеткізіп бермек. Биыл оқу жылы қашықтан басталатын болған соң смартфоны жоқ балаларға, аталған акцияның аясында планшет тарату да жоспарда бар.

Ерлан ҚАНАЛИМОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Өзімізге тіркеліп жазылғандардың үйін арнайы топпен барып, қарап шықтық жағдайларын. 500-дей отбасына қосымша жеке планшет сыйлайтын боламыз. Ол дистанциялық білім алу жүйесіне көмегіміз болады.

Бұл жетекші партия мен Біріккен Араб Әмірлігінің елшілі бірігіп өткізіп жатқан алғашқы іс-шара емес. Бұған дейін олар мүмкіндігі шектеулі балаларға арба сыйлаған болатын. 

Аммар ӘЛ БРЕЙКИ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАӘ ЕЛШІЛІГІНІҢ УАҚЫТША СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

Екі елді мықты достық қарым-қатынас байланыстырады. Біз мұқтаж отбасыларға көмектесуге әрқашан да дайынбыз. Бүгінгі шарада біз 200-ге жуық баланы мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етіп отырмыз. Болашақта бұл жоба жалғасын табады.


Іс-шараға мұрындық болғандар арасында «El Tiregi» өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы да бар. Одақтың «Әйелдер кеңесі» алдағы уақытта партиямен бірігіп, көп балалы аналардың қатысуымен арнайы шара өткізбекші.   

Ә. Өмірзақ