Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда жоғары оқу орнына тапсырған 40 талапкердің тест нәтижесі жойылды

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2020
  • 2807

Павлодарда магистратура мен бакалаврға тапсырған 40-қа тарта талапкердің тест нәтижесі жойылды. Себебі абитуренттер емтиханға смартфон алып кірген. Бір қызығы олқылық болашақ студенттерде ғана емес. Емтихан қабылдаушылар да аудиторияда ұялы байланысты ажыратпапты. Осыған ұқсас былықты, емтихан барысын бақылаған «Ертіс адалдық алаңы жобалық кеңсесі анықтап отыр. Тақырыпты әріптесім Өзгеріс Қуанар тарқатады.

Мұхаммеджан Ермекбаев  -  Екібастұздағы  дарынды балалар мектебінің түлегі. Үздік оқушы «энергетик» мамандығын таңдаған екен. Ұлттық тестіні ол маусым айында тапсырған. ҰБТ-ға күні-түні дайындалған жас жігіт емтихан кезінде әділетсіздік болғанын айтады. Аудиторияда смартфон пайдаланып отырғандар көп болыпты.

Мұхаммеджан ЕРМЕКБАЕВ, ТАЛАПКЕР:

Екібаста бір-екі танысым кірмей жатып, металл искателден ұсталынып қалғандары да болды. Оған әрине қатты өкінді. Бірақ, болған іс болған. Оны басқа балалар естісе де, телефонмен кіргендері де болды.

Жақында өңірде магистратура мен бакалаврға емтихан басталды. Бірінші күні 280 талапкер тест тапсырған. Соның 10-ы ұялы телефонмен ұсталды. Ал, күні кеше ғана өткен тестіде тағы 30 талапкер смартфонмен анықталды.

Ризабек ИСАБЕКОВ, «ERTIS – ADALDYQ  ALAŃY» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Тексеру кезінде аудиторияларда ұялы байланыстың ажырамағанын анықтадық. Фейсбук желісіндегі парақшамыз арқылы онлайн трансляция жүргізіп көрдік.  Бұлай болмауы керек.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған техникалық ақаулар себеп болыпты. Алайда, тесттің екінші күні бұндай олқылық болмады.

Ал, жоғары оқу орын басшылығы болса, "Емтихан талапқа сай, әділ өтті" дегенді айтып отыр.

Тамара ВИЛЬ, "TORAIGYROV UNIVERSITY" ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

ҰБТ ашық түрде өтті. Заң бұзушылық болған жоқ. Тесттің әділ өтеуін әр саладан құралған бақылаушылар қадағалады. Оның ішінде «Ertis – adaldyq alańy» кеңсесі де бар. Мемлекеттік грантты жеңіп алған жастар өз білімін дәлелдей білген нағыз білімді талапкер.


Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Павлодар облысында жоғарғы оқу орындарына тест тапсыру әлі де жүріп жатыр. Яғни, әлі талай талапкер смартфонмен ұсталуы әбден мүмкін. Бұл жастарға абырой әкелмесі анық. Өйткені, телефонмен ұсталған 40 абитуренттің нәтижесі бір ақ күнде жойылды. Сондықтан мамандар жастарды әділ емтихан тапсыруға шақырып отыр.

Ө. Қуанар