Ресейлік оппозиция серкесі Алексей Навальный уланып қалды. Оппозиционер осы уақытта Омбыдағы ауруханада хәл үстінде жатыр. Baza Telegram-арансының хабаралуынша, Томскіден Мәскеуге үшып бара жатқан Навальный шайдан улануы мүмкін.
Ол, әуежайда шай ішті. Сосын ұшаққа отырды. "У" Томскі әуежайында салынуы мүмкін. Өйткені, Алексей сол күні шайдан басқа нәр татқан жоқ", деп тұжырымдады саясаткердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыш. Ал, омбылық дәрігерлер оппозиционердің жағдайын "тұрақты, ауыр хәлде" деп бағалаған. Алдын ала болжамдарға қарағанда Навальный, "натрий оксибутиратынан" уланған. Бұл химикатта иіс те түсте болмайды екен. Еске сала кетейін. Алексей Навальный Ресей саяси сахнасындағы ең белсенді оппозиционер. Ол, Мәскеу және бүкіл Ресей халқын бірнеше рет митингіге көтерген. Кремль басшылары туралы бірнеше дәлелді фильмдер жариялап, олардың коррупциялық жолмен табылған байлығын әшкере қылды.
Д. Мұхаммедкәрім