Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясының праймеризіне Алматыдан 100-ге тарта белсенді тіркелді

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2020
  • 2603

Алматыда «Nur Otan» партияішілік бәсекесіне қатысу үшін жүзге жуық адам тіркелді. Партияның Алматыдағы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, оңтүстік астанада да қыз-келіншектер белсенділік танытып жатқан көрінеді. "Өтініш берген белсенділердің 30 пайызы әйелдер", деді Станислав Канкуров. Праймеризге сондай ақ мүмкіндігі шектелуі азаматтар, 35 жасқа дейінгі жастар да қатысып жатқанын атап өткен жөн.

Станислав КАНКУРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ Қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Саяси өзгерістер мен жаңа көшбасшылар үшін уақыт келді. Қазақстандық қоғамда жаңа тұлғалар мен идеяларға сұраныс пайда болды. Сондықтан бұл жолы біз жастар мен әйелдерді өз қатарымызға тартуға ерекше көңіл бөлеміз.


А. Кемелжан