Русский Сайттың толық нұсқасы

Праймеризге кандидаттар арасында өзін-өзі ұсынғандар көп

  • AstanaTV
  • 21 тамыз 2020
  • 2285

«Nur Otan-ның» партияішілік іріктеуіне тіркелген кандидаттардың 134-і өз-өзін ұсынғандар. Ал, бастауыш партия ұйымдары атынан 92 адам үміткер атанған. Бүгін Қызылорда облыстық филиалы саяси науқанға қатысты брифинг өткізді. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешованың айтуынша кандидаттардың 25 пайызын нәзік жандылар құрайды. Олардың арасында көп балалы аналарда бар. Бұл бәсекелестіктен жастар мен мүмкіндігі шектеулі  жандар да тыс қалып жатқан жоқ. Партиялықтар праймеризге ел арасында қызығушылық жоғары екенін жеткізді.

Ләйлә ТӨРЕШОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Праймеризге біздің облыстан 276 адам құжат тапсырды. Олардың 141 кандит болып тіркелді. 1336 адам түрлі сұрақтармен осы Call орталықтарға хабарласқан. Өз сұрақтарына жауап алған. Жаңағыда айтып кеткендей, қызығушылығы қызылордалықтардың өте жоғары, белсенділігі де жоғары.