Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 75 бала мектепке қажет заттармен қамтылды

  • AstanaTV
  • 21 тамыз 2020
  • 2085

Алматыда әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы және жетім балалар мектепке қажетті жабдықтарға ие болды. Мұндай қайырымдылық "Nur Otan" партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында жасалды. Бүгін Әуезов ауданындағы 75 бала "Мектепке жол" акциясының шарапатын көрді. Аудан атқамінерлері олардың тізімін алдағы аптада тағы толықтырмақшы. 

Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ауданда қазір 75 бала осындай жабдықпен қамтылған. Оның санын жүзге дейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Өйткені, әлеуметтік желілер арқылы келіп жатқан өтініштер көп. Олардың барлығын қамтығымыз келеді. Қазіргі пандемия кезінде әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға жәрдем көрсеткіміз келеді. 

Өз кезегінде тұрғындар мұндай көмек балаларды ғана қуантып қоймайды, отбасы үшін де үлкен қолдау екенін жеткізді. Өйткені, карантин кезінде жұмыссыз қалған жанұяларға, балаларды жаңа оқу жылына дайындау оңай болмай тұрғанан жасырмайды. 

Мария АРДАШОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазір барлық жерде карантин, жұмыссыз үйде отырмын. Сондықтан оқуға қажетті заттарды сатып алу да қиын болды. Бүгінгі партияның мына бастамасына алғысым шексіз. Осындай қиын кезде балалардың біліміне, болашағына бей-жай қараған жоқ.

А. Кемелжан