Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарыағаштағы Жылға ауылында су уақытпен беріледі

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2020
  • 6875

Міне, Жылға да осылай алады екен суды. Сарыағаш ауданы Жылға ауылы. Балалар осылай тіршілік нәрін тасып жүр. Мамам 30 жыл болды осылай тасып жүргеніне.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Ауыз суға жарымаған ауыл. Минералды сусынды шетелге экспорттап отырған Сарыағаштағы Жылға кенті осындай күй кешіп отыр. Өздеріңіз көргендей, мұнда ел қара суға зар. Бір мыңға тарта түтіннің күні бір кранға қарап тұр.  Оның өзі уақытпен беріледі. Таңғы 6 мен 9 аралығында үлгергені ыдыс -аяғын толтырып алады. Қалған уақытта су жоқ. Редакциямызға хабарласқан тұрғынның айтуынша, жарымай отырған Жылғаның жағдайын жергілікті билік біледі. Бірақ, мәселені шешуге асығатын емес екен.

Гүлданай ҚАСЫМБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Малға да су тасып алу керек, үйге де, ыдыс жууға да сол судан тасып алу керек сол уақыттың аралығында. Күніне бір-ақ рет су ағады болды. Балалардың бәрі шелекпен, флякпен тасиды, очеред болады. Жылғада су жоқ, үймен-үй кран жоқ. Жанымыздағы ауылдарда су бар.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселе бойынша Түркістан облысының атқамінерлеріне хабарластық. Қазір бізбен тікелей байланыста Сарығаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Ержан Исмайлов бар. Ержан Ережепұлы, қайырлы кеш. Мәселені естідіңіз, халық бұл түйіткілдің туындағанына бірнеше жыл болды деп отыр. Неліктен осы уақытқа дейін ауылға ауыз су құбыры жеткізілмеген? Мемлекет басшысының өзі ауылдарды дамытуға көңіл бөлуді тапсырды емес пе?!


Ержан ИСМАЙЛОВ, САРЫАҒАШ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Саламатсыз ба? Мынау осы сіздер айтып отырған Жылға ауылдық округі Жылға елді-мекені бойынша 2014-2016 жылдары жер асты су қорын анықтау бойынша зерттеу жұмыстарының барлығы жүргізілген. Яғни елді-мекендегі халыққа қорытынды берілген халыққа жеткіліксіз яғни кермектігі бар ауыз судың. Ол жаңағы жер асты су құбырында жеткіліксіз болғандықтан ол жерде құрылыс жұмыстары жүргізілмеген.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Құрметті, Ержан мырза! Біздің енді қазақтың жері өте кең. Мәселен кейбір ауылдарда жер астында су болмаса олар құбыр арқылы тартып алып жатады. Сіздер осы мәселені құбыр арқылы шешуді ойлап көрмедіңіздер ме?

Ержан ИСМАЙЛОВ, САРЫАҒАШ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл елді-мекендер бойынша 2019-2020 жылдары қайта жер асты суларын зерттеуге қалалық басқармаға хаттар жолданып яғни сол қорытындыны күтіп отырмыз қазір.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Нақтылап өтіңізші, ауылға қашан су жеткізіледі? Мерзімін айта аласыз ба? .

Ержан ИСМАЙЛОВ, САРЫАҒАШ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жер асты су қоры зерттеліп яғни жаңағыдай жеткілікті деп берген кезде жобалау сметалық құжаттарын жасап, монтаждау жұмыстарын жүргізіп елді-мекенге су беретін боламыз.


Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Зерттеулер қанша уақыт жүреді шамамен?

Ержан ИСМАЙЛОВ, САРЫАҒАШ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Зерттеу екі жыл жүреді. 2019 жылы берілген бұл енді 2021 жылы қорытындысы шығуы керек.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Осы бір арнаға қанша халық қарап отыр қазір?

Ержан ИСМАЙЛОВ, САРЫАҒАШ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

4750 халық, 1000-ға тарта отбасы бар мұнда.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет, Ержан Ережепұлы. Бұл мәселе  шешімін тапқанша біздің бақылауымызда болады. Қымбатты көрермен, "Телерепортер" айдары қайта іске қосылды. Сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмірге хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.