Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттің кезекті жолдауы 1-ші қыркүйекке белгіленді

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2020
  • 3815

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1- қыркүйек күні халыққа арнап жолдау жасайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Туиттердегі парақшасына жазды. Оның сөзінше, жыл сайынғы дәстүрлі жолдау парламенттің қос палатасының кезекті сессиясының ашылу рәсіміне орайластырылған. Мемлекет басшысы онда дағдарысты еңсеру үшін қолға алынатын нақты шаралар жөнінде баяндамақ деді. Отандық сарапшылардың да пайымы осы. Қысылтаяң шақта жасалатын бұл Жолдаудан халық көп нәрсе күтіп отыр дейді.

Дос КӨШІМ, САЯСАТТАНУШЫ:

Менің ойымша, осы карантиннен кейінгі, індеттен кейінгі осы экономикалық мәселелерді көтеру, бюджетті толтыру, жұмыссыздықпен күресу осы мәселені айту керек сияқты. Себебі, індеттің кезінде көптеген қиыншылықтар тап болдық қой енді жұмыстар тоқтап қалды. т.б мәселе.

А. Мүтәлі