Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық оқушыларға тегін 150 ноутбук табысталады

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2020
  • 2107

«Nur Otan» партиясы, мектеп табалдырығын алғашы рет аттағалы отырған 150 балаға  тегін ноутбук табыстамақ. Компьютерлер, «Мектепке жол» акциясы аясында үлестірілгелі отыр. Қажетті мектеп құралдары, қытайлық індетпен күрес жүргізіп жатқан дәрігерлер мен санитарлардың балаларына арналған. Ноутбуктың бірсыпырасы бүгін Елордадағы №2 қалалық балалар ауруханасы қызметкерлеріне жеткізілді. Тағы 11 аурухана ақ халаттылары, компьютерлерді жақын арада алады.

Бауыржан ИСАБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ «ОТАН» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қыркүйектен бастап балалар онлайн оқиды. Білім министрлігі бірінші сынып оқушыларын қажетті техникамен қамтамасыз ету туралы айтты. Осылайша біз «Бірлік» қоры арқылы ноутбуктермен қамтамасыз етеміз деп шештік.

Жағдайы төмен отбасылар да ұмытылмады. Партия белсенділері бүгін 500 планшет пен басқа оқу құралдарына арналған 2 мың сертикфикат үлестірді. Балаларға арналған базарлық демеушілер қаржысына алынғанын айта кеткен жөн.

Ерлан ҚАНАЛИМОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мектепке қажетті құралы жоқ оқушылар бар екенін білеміз. Соларға таратып жатырмыз. Демеушілер көмегімен алынған құралдар 5-сі сыныпқа дейінгі оқушыларға және аз қамтылған немесе көпбалалы отбасыларға арналған. Ең бастысы оқушылардың білім алуы.

Ә. Өмірзақ