Русский Сайттың толық нұсқасы

Модернизация жасап жатқандар шатырын сыпырып тастаған үй жаңбыр суына толды

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2020
  • 2727

Шығынды кім өтейді? Таразда мердігерлер жаңасын салмақ болып шатырын сыпырып тастаған көп қабатты үй, жаңбыр суына толды. Төбеден сорғалаған су төменгі қабатқа дейін жетіп, пәтер ішіндегі дүние-мүлікті бүлдірген. Шығынға батқан жұрт кімнен көмек сұрарын білмейді.

Толассыз жауған жаңбыр тұрғындарды әбден әбігерге салды. Қайта жаңғырту бағдарламасымен жыртығын жамамақ болғандардың айтуынша, мергілерлер ескі шатырды алғанымен, жаңасын салып үлгермеген. Осының салдарынан пәтер іші де суға толды. Бүлінген заттары көп, тіпті жуырда ғана күрделі жөндеу жасаған тұрғындар да бар.

Клара ТӨЛЕШОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Қараңыз мына жақтан ағып жатыр, мына жақтан. Жатын бөлме бәрі ағып жатыр. Білмейміз не істейтінімізді. Өзім бронхымен ауырамын, осы жағдайдан кейін қалай боларын білмедім. Мына жақтың бәрі құлап жатыр.

Өкініштісі бұл бір ғана көп қабатты үйдің проблемасы емес. Дәл осындай жағдай 9-шы мөлтек ауданындағы 31-ші үйде де болып жатыр. Жауыннан зардап шеккен тағы бірнеше үй зардап шекті. Мердігерлер бүгін жауын болған соң, жұмысқа шықпапты.

Аида САРТБЕКОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мынаның бәрі кетті. Эмульсиямен бәрін әппақ қылғанбыз. Міне быт-шыт болды. Мына жақта кішкентай балам ұйықтайды. Сырость бәрі. Көріп отсыздар азаннан бері 20-25 рет сүрттім. Айтпақшы теледидардың кабельінен баламды тоқ ұрды жаңа. Кеше барлығымызға 2 реттен смс келді жаңбыр жауады деп.

Ашулы тұрғындар мердігерлердің бүгін жұмысқа шықпағанын айтты. Жергілікті атқамінерлер болса, бұл табиғи құбылыс деді. Ал тұрғындардың бүлінген дүние-мүлік шығынын мердігер жауап беретінін айтты.  

Асхат ЕЕСЕНАЛИЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Тұрғындардан өтініштер түсіп жатыр. 5 қабаттағы тұрғындардың кейбірінің үйінен су аққан. Ол бойынша мердігерлермен келісім бар. Келісім-шартта да ол көрсетілген. Сол мердігердің есебінен қалпына келтірілетін болады.
 
Мердігерлермен телефон арқылы хабарластық. Компания басшысы пәтерлерді аралап, алдымен шығынды есептейтіндерін айтты.
 
Әшім ЖАҢАБАЕВ, "ТАРАЗМОНОЛИТСТРОЙ" КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Қолымыздан келгенше көмектесеміз жительдерге. Барып көреміз по факту қараймыз.


Күні бойына жауған жауын біраз адамды шығынға ұшыратты. Шығын көлемі әзірге белгісіз. Белгілісі ертең өңірде тағы да нөсер болады деп хабарлама тарап жатыр.

Б. Жұмабайұлы