Қызылорда облысындағы "Жиделі су қоймасын" жөндеуге 450 миллион теңге бөлінді. 40 жыл жөндеу көрмеген бөгенде ауқымды жұмыстар басталып кетті. Әсіресе көктемде өзендердің суымен толып, ауыл хылқын үрейге бөлейтінін айтқан тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Жылдар бойы шешемін таппаған мәселе "Nur Otan" партиясының араласуымен қолға алынды. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің жұмыс сапарында ауыл халқы көмек сұраған болатын.
Тау етегін бойлай орналасқан Жайылма ауылы көпшілікке қарбызымен әйгілі. Егіннің жайын жақсы білетін шаруалар мал шаруашылығын да бір жүйеге қойған. Сондықтан да «Жиделі су қоймасының» ауыл халқы үшін маңызы зор. Қыс бойы мұнда жиналған су көктемде ел игілігіне жаратылады. Алайда қырық жылға жуық жөндеу көрмеген нысанның пайдасымен қатар қауіптілігі де артқан.
Әбдімәжит АХМЕТОВ, ЖАҢАҚОРҒАН СУШАР ӨНДІРІСТІК УЧАСКЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:
Ар жағынан жоғарғы беттегі су бері қарай өтетін болса, қауіптілігі өте қиын болады. Егер мынау платинаны жуып кететін жағдай орын алса, мына жақта отырған бір жарым мың елді-мекенді су алып кетуі мүмкін. Бұл істеліп жатқан жұмысты біз құп көреміз, қолдаймыз. Күрделі жөндеуден кейін әрине қауіп сейіледі.
Жылдар бойы шешімін таба алмаған бұл мәселені өңірге «NUR OTAN» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары келгенде жергілікті тұрғындар жеткізген еді. Осыдан соң республикалық бюджеттен 450 млн. теңге бөлініп, ауқымды жұмыстар басталған. Ұзындығы 830 метрге жететін стратегиялық нысанда қазір жұмыс қызған.
Рахматулла ЕРНАЗАРОВ, УЧАСКЕ БАСШЫСЫ:
Біз қазір бірінші бөгеттегі нығайту жұмыстарын жасап жатырмыз. Қосымша төрт жарым шақырым болатын латок ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, осындағы жұмысшыларға арнап баспана салынуда. Құрылысқа қажетті тас осы жердің өзінен алынуда.
Бөлінген қомақты қаржының мақсатты жұмсалуы мен жұмыстың сапасын партия жергілікті филиалы өз бақылауына алған.
Алтынбек ЖАРЫЛҚАСЫНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Жиделі су қоймасындағы» жұмыстар бір ай көлемінде басталды. Бүгінгі күні енді облыстық партия филиалы жанындағы бақылау комиссиясы мүшелерімен келіп арнайы біз жұмыстың барысымен танысып жатырмыз. Жұмыстың жүргізіліп жатқаны көрініп тұр. Техникалар тартылып.
Партия өкілдері ауқымды күрделі жөндеуге жергілікті тұрғындарды тартуды ұсынды. Шамамен 50 адамды жұмыспен қамтымақ. Су қоймасындағы құрылыстар жоспар бойынша қарашада аяқталуы тиіс.
М. Тоқтасынқызы