Русский Сайттың толық нұсқасы

Талдықорғанның орталық көшесіне алғыс жәшігі қойылды

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2020
  • 5296

"Жақсы сөз - жарым ырыс", деген. Қытайлық індетпен алыс майданында алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге қолымыздан келгенше көмек көрсетудеміз. Үкімет жағдай жасайды, кәсіпкерлер қажетті құрал-жабдығын жеткізіп беруге тырысуда. Қарапайым халық та барынша қолдау танытып жүр. Талдықорғандағы орталық арбатқа арнайы жәшік қойылды. "Дәрігерлерге мың алғыс", деп аталған жәшікке тұрғындар жүрек жарды сөздерін жазып, алғыс хаттарын салуда. Қойылғанына үш күн ғана болғанынан қарамастан шыны жәшік бүгін толып қалды.

Дәрия ІЛИЯС, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен осы акцияны қолдаймын. Себебі, біз қазіргі таңда тек осылай ғана өзіміздің алғысымызды дәрігерлерге жеткізе аламыз. Осы акцияны ұйымдастырушыларға көп-көп алғысымды айтамын. Қала тұрғындарын осылай дәрігерлерге мың алғыс акциясына және де өздерінің ыстық тілектерін жолдауға шақырамын.


Жасотандықтардың мұрындық болуымен ұйымдасқан шара бүгін аяқталады. Кешкісін шыны жәшік "Jas Otan" штабына апарылып, хаттар жан жақты сұрыпталады. Осыдан кейін әр хат ауруханалар бойынша ақ халатты абзал жандарға таратылмақ. Халық алғысына көп бөленген дәрігерлерге белсенді жастардың арнайы сыйлықтары да бар.

Еркебұлан АҚБОЛАТОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Біз түскен алғыс ұсыныстарға сараптама жасап, әрі қарай денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс беру арқылы көп алғысқа ие болған дәрігерлерді марапаттау туралы ұсыныс жолдайтын боламыз. Бұл акцияның соңында алғыс жәшігін облыс жастарының атынан көпсалалы ауруханаға табыстау жоспарлануда.

А. Кемелжан