Русский Сайттың толық нұсқасы

Колония басшысы жазасын өтеушіден 700 мың теңге пара алған

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2020
  • 2464

«Қара бүркітті» басқарған шендіні қара басты. Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы УК – 161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің басшысы 700 мың теңге парамен ұсталды. Колония басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция өкілдері бірлесіп өткізген операция аясында қамауға алынған. "Пара алды" деп күдікке іліккен экс-басшы, "қанатының астына алуға" жазасын өтеушіге уәде еткен. Бұл еңбегі үшін 1 миллион теңге бопсалаған көрінеді. Қомақты қаражаттың 700 мың теңгесін алу үстінде ұсталыпты.  

Абылай ИБРАГИМОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨҚБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

700 мың теңгені сотталған тұлғаға қамқорлық көрсету үшін талап еткен. Қазіргі таңда күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Осы дерекке сай полиция Қылмыстық кодекстің 366 бабы, үшінші бөлімі бойынша іс қозғап, тергеуді бастады. «Қара бүркітті» басқарған шендінің ірі көлемде пара алғаны дәлелденсе, 60 есе айыппұл төлейді немесе 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Еске салайық, халық арасында «Қара бүркіт» аталатын түрмеде өмір бойына бас бостандығынан айрылғандар жазасын өтейді. Аса қауіпті қылмыскерлер арасында Арқанкергенде 15 кісіні атып тастаған Владислав Челах, он адамды опат қылған Руслан Күлекбаевта бар.

З. Санай