Күйеуге шығып кеткен атыраулық жасөспірім, үйіне кері қайтарылды. Бұл туралы аймақтағы полиция хабар таратты. 18 жастағы бозбала мен оның 13 жастағы қалыңдығы, ата-анасының рұқсатымен бас қосыпты. Қалыңдық қаладағы нөмірі 24 мектептің 8-ші сыныбында оқиды. Сөз байласып жүрген жігітінің ауылына, өз еркімен кетіп қалған. Әлеуметтік желіде тараған жас жұбайлардың фотосы, қоғамда үлкен дау тудырды. Ювеналды полиция қызметкерлері қыздың анасын шақыртып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Осының нәтижесінде мектеп оқушысы үйіне оралды.
Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған қыз бала мен жас жігіт, олардың ата-аналарымен ҚР ҚК 121-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіріп, профилактикалық әңгімелер жүргізді. Осы әңгімелесулерден кейін кәмелетке толмаған қыз бала үйіне қайтарылды.
Полицияның дерегінше күйеуге тиіп кеткен жасөспірімнің отбасында тағы екі бала бар. Оларды анасы жалғыз тәрбиелеп отыр. Облыстық білім басқармасы кәмелетке толмаған қалыңдықтың отбасылық жағдайын жіті зерделемек. Сондай-ақ ата-анасының мәселесі, балалардың құқын қорғау комиссиясында қаралады -деді.
Анар КАЮПОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Қалалық білім бөліміні қорғаншылық-қамқоршылық бөлімінің мамандарын үйіне барып, мекен-жай бойынша зерделеп, тұрғын үй жағдайын зерттеп,зерделейтін актісін жасақтауды тапсырдық.
Б. Надирқызы