Русский Сайттың толық нұсқасы

Темірдей тәртіп пен азаматтық жауапкершілік болуы қажет,- Қ.Тоқаев

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2020
  • 2252

Келесі жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаржыны жұмсай алады. Халыққа жолдау жасаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін осыны жеткізді. Оның сөзінше, мұндай құқыққа 700 мың салымшы ие. Олар жарнаны тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге, білім алуға  пайдалана алады. Мемлекет басшысы қажетті тапсырманы аяғына дейін жеткізу үшін Үкіметке жылдың соңына дейін уақыт берді.  

Парламент сессиясының биылғы ашылуы бұрынғыдан өзгеше. Каникулдан келе, бір-біріне құшақ жая көрісетін шенділер мен депутаттар, бұл жолы көп әдеттен тыйылған. Медициналық бетперденің неше атасын осы жерден көруге болады. Қолғап кигендері де бар. Палата отырысына шақыртылғандар ара қашықтықты сақтау арқылы жайғасыпты. Орын жетпегенен болар, бұл үрдісті сақтамағандары да кездесті. Ал, Денсаулық сақтау министрі тіпті өзгелерден ерекшелініп, 2-ші қабатта отырды.

Ел Президенті үрдістен жаңылған жоқ. Халыққа жолдауын арнады. Бұл жолғы үндеуінің салмағы басым, яғнипандемиядан келген залалмен күресу. Президенттің сөзінше, вирустан төнген қауіп әлі сейіле қойған жоқ. ДДСҰ-ның дерегіне қарағанда әлі 2 жылға созылады. Сондықтан мемлекет басшысы қарамағындағыларға мәселе ушыққанда емес, оның алдын-алу қажеттілігін ескертті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әлеуметтік төлемдерді индексациялау жұмысы жалғасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.

Президент дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың да Қазақстанда өндірілуін талап етті. Үкіметке ол үшін барлық жағдайды жасауды жүктеді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 13 жұқпалы ауруханаға салынатынын жеткізді. Алғы шепте жүрген дәрігерлердің де жалақысын көтеру туралы бастама көтерді.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады.

Жалақы қашықтықтықтан білім беріп жатқан мұғалімдер де өсетін болды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы жолдауында уәде еткен зейнетақы жүйесін өзгерту туралы бастамасының нәтижесін де жариялады.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Уже в 2021 году 700 тысяч вкладчиков ЕНПФ смогут использовать часть своих накоплений на приобретение жилья, лечение или для передачи в управление финансовым компаниям.

Мұндай мүмкіндікке кімдер ие бола алады? Әзірге олардың тізімі белгісіз. Оны ертеңгі Үкімет сағатында нақтыламақ. Алайда, бұл жаңалықты халық асыға күткен еді. Көпшілігі одан үмітті.  

БЛИЦ:


- Правильно сделал по сути. Я рад этому.
- Некоторые не доживают до пенсии. А эти накапления можно вложить действительно.
- Жиналған накопление халық өзі алып қолданады. Әр түрлі жағдайға. Үй алады.


Ауыл халқы үшін де жағымды жаңалықта бар. Енді әкімді жергілікті жұрт өзі сайлайтын болады.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы бірқатар ауыл әкімінің құзіреті аяқталады. Меніңше, ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу керек.

Президент биылдан қалмай шенеуніктердің санын 25 пайызға қысқарту керектігін айтты. Ал одан үнемделген қаржы, басқа қызметкерлердің жалақыларын көтеруге жұмсалмақ. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі демографиялық ахуалға да алаңдаулы. Айтуынша әр алтыншы отбасы бала сүйе алмайды. Ажырасудың басты себептерінің бірі де осыдан деп отыр.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Поручаю Правительству запустить с 2021 года специальную программу "Аңсаған сәби". Надо увеличить количество квот по программам ЭКО до 7 тысяч, то есть в 7 раз.

Президент балалар мен жасөспірімдердің зорлыққа ұшырауының да дендеп бара жатқанына тоқталды. Мұндай қылмыс жасағандарға жазаны қатаңдату туралы тапсырма жүктеді. Осылайша, Президент сөз соңында, қазақстандықтарды жат әдеттерден аулақ болуға шақырды. Реформалар мен өзгерістердің табысты іске асуы үшін темірдей тәртіп пен азаматтық жауапкершілік болуы маңызды деп түйді.  

А. Мүтәлі