Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте бюджеттік мекемелер үшін тариф 9-11 пайызға өсті

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2017
  • 2462

Шымкентте бюджеттік мекемелер үшін жылу тарифі қымбаттайды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Сала жауаптылары бұған табиғи отын құнының 6 пайызға өсуі себеп деп отыр.

Бейсенбек Жанбосынов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: 

Табиғи газдың негізінен жылу энергиясын өндіруші негізгі отын есебінен болғандықтан, биылғы жылға жылу тарифінің өзгеру мәселесі қаралды, 9-11 пайыз төңірегіндегі. Ол мәселеге келетін болсақ, бүгінгі таңдарда негізгі өзгерістер бюджеттік мекемелерге қатысты болады. Тұрғындар мен басқа да заңды тұлғаларға оның қатысы жоқ.