Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу үшін еріктілер қажет

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2020
  • 1569

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуге еріктілер іздестірілуде. Ол үшін COVID-19-бен ауырмаған, бойында індетке қарсы антидене қалыптаспаған 18 бен 50 жасқа дейінгі азамат болуы керек. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Зерттеу ФтизиОпульМонология Ұлттық ғылыми орталығының базасында жүргізіледі. Еске сала кетсем, өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індетке қарсы қазақстандық вакцинаны ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген дәрілер санатына қосқан. Енді, Ұлттық орталық Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын күтіп отыр.

Жанна ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ҚР БҒМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл тұрғыда бүгін Биологиялық проблемаларды зерттеу институты Денсаулық сақтау министрлігінің  локальдік-эпикалық комиссиясының рұқсатын алды. Келесі мерзімде институт барлық керекті құжаттарды Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырып, Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын күтетін болады.

Әлем бойынша COVID-19-ды жұқтырғандардың саны 25 миллионнан асты. Ал, елде эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Өткен тәулікте коронвируспен ауырған 70-тен астам жағдай тіркелді. Жалпы, науқастар саны 106 мыңға таяды. Оның 90 пайыздан астамы емделіп шыққан.

А. Данияр