Атырауда "Құлсары-Теңіз су құбыры" құрылысы жобасын мойнына алған компанияның мердігерлері арасында дау туды. Дауға ауыр техникаларын жалға берген кәсіпкерлердің алашағын талап етуі себеп болған. Қосалқы мердігер, мердігерден ақша ала алмай жүргенін айтып ақталды. Ал мердігер ешкімге қарыз емес екенін жария қылды. Мәселенің мәнісіне үңіліп, тараптарды тындап қайтқан әріптесім Базаргүл Нәдірқызы тақырыпты тарқатады.
Жеке кәсіпкер Жанаргүл Демешова «ГлобалСтройАстана» мекемесіне былтыр қараша айында автобусын жалға берген. Бірақ ақшасын әлі ала алмай жүр. Амалы таусылғанын айтқан ол, көлік жүргізушісінің жалақысын несие алып төлеген. Енді қарызға белшеден баттым,- дейді.
Жанаргүл ДЕМЕШОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
Қаңтар айында «жалға алу уақыты бітті, жұмыстан босатылды»,- деген қағаз берді. Содан бері қарай ақшамызды ала алмай жүрмыз. Қазір миллионға жуық ақшам бар соны ала алмай отырмын. Қазір несиеге водительге ақшамды алып бердім. Сол кредитке мен белшемнен қарызға батып отырмын.
Айгүл Сәрсекенова да аталған мекемеден 8 млн теңге даулап жүр. Көлігін жалға былтыр қаңтарда берген. Уәделі қаражаты күте-күте, амалы таусылған соң, сотқа беріпті. Сот кәсіпкердің пайдасына шешім шығарған.
Айгүл СӘРСЕКЕНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
Шешім қолымызда. Ол шешіммен, кешірім сұраймын, бір жерге де баруға пайдаға аспайды. Бұл елде біз сияқты шағын бизнес дамуы дейді ғой. Ешқандай дамып жатқан жоқ. Оқытқан, тоқытқан менің жігіттерім басқа компанияларға кетіп қалады. Менде ақша беретін не жоқ. маған бермегі глобалдың 8 млн. Бұл - 5 ай жұмысыма.
Шыдамы таусылған кәсіпкерлер мекеме алдына жиналды. Айтуларынша, арнайы техникаларын Құлсарыдан Теңізге дейін құбыр тарту жұмысына жалға берген. Аталған жобаның бас мердігері – «Қазтрансоил». Жұмысты қосалқы мердігер – «Газстроимонтаж» компаниясы жүргізген. Олар бір миллион теңгеден бастап, 200 миллион теңгеге дейін даулап жүрген ашулы топқа бір тиын да қарыз емеспіз,- дейді.
Батыржан ИБРАЕВ, «GAZSTROIMONTAZH» ЖШС «ҚҰЛСАРЫ-ТЕҢІЗ» СУ ҚҰБЫРЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Біздің тікелей келісім-шартымыз жоқ олар ар жағы «Глобал СтроиАстана» мердігерлері. Біздер список берген соң бәрін тексердің біразын тексергенімізде көп техника біздің жобада жүрмеген техника болып шықты.
Бұл сөзді естіген кәсіпкерлер, техникаларын жалға берген «ГлобалСтройАстана» команиясы басшылығымен кездеспек болып, кеңсесіне іздеп барды. Алайда күзетші ішкі кіргізуден бас тартты. Біраз уақыттан соң ғана кездесуге компанияның заңгері келді. Ол тапсырыс берушіден өзіміз де ақшамызды ала алмай жүрміз,- дейді.
Тимур МҰХИТОВ, «GlOBAL STORY ASTANA» ЖШС ЗАҢГЕРІ:
Біздің бас мердігер «ГазСтроиМонтаж» деген мекеме бізге ақша аудармаған себебінен біз бұл кісілерге ақша аудара ала алмай отырмыз. Өйткені счетта қазір ақша жоқ бізде. Қазіргі уақытта акт бойынша 839 миллион теңге қарыз.
Айта кетейік, Теңізшевроил компаниясының тапсырыс бойынша салынып жатқан су құбырларын тарту жұмыстары елдегі пандемияға байланысты көктемде жұмысын тоқтатқан еді. Жақын күндері енді қайта жалғаспақ.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Ал, техникаларын жалға бергендер де, оны жалға алған компания да енді күш біріктіруге бекінді. Олар алашақтарын талап етіп бас мердігерді сотқа беруге қол жинай бастады.
Б. Надирқызы