Русский Сайттың толық нұсқасы

Праймеризге қатысушылар арасында сексендегі қария бар

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2020
  • 3584

Праймериз – білімді, белсенді жастарға  жол ашады. Белгілі қостанайлық кәсіпкер Қанат Естек осындай пайымда. Жалпы саяси додаға бел буғандар арасында жас буын белсенді. Мысалы, Шымкентте тіркелген үміткерлердің 37 пайызы жалынды жастардың үлесінде.

Бұл Тобыл өңірінде тұратын Садықовтар отбасы. Олар осыдан 29 жыл бұрын ата-ана қарауынсыз қлаған он баланы бауырына басқан. Көп балалы отбасы қанша қиындық көрсе де Үкіметке қол созбапты. Тіпті жәрдемақыдан бас тартқан.

Қарлыға САДЫҚОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Осы 10 баланы алғанда менің үлкен ұлым 5 жаста болды, екінші ұлым 4 жаста. Ал он бала бір жасқа толмай келді. Сол кездерде біз көп қиналдық жолдасымыз екеуміз.

Кәсіпкер Қанат Естек бұл отбасына көптен бері қарайласып тұрады. Ержеткен балаларын  қасына ертіп кәсіпке баулып жүр. Баспаналы болуға да жәрдемдесіпті. Партияішілік іріктеуден іркілмей өткен кандидат саяси науқанда бақ сынамақ.

Қанат ЕСТЕК, КӘСІПКЕР:

Осы көп балалы аналарға көмектескім келеді қолымнан келгенше. Қазіргі заманда көп балалы аналар Үкіметті, Үкімет көпбалалы аналарды кейде түсінбей қалады. Бірақ енді екеуінің ортасына бір көпір керек деп ойлаймын. Сондықтан да сол осы себептен праймеризге қатысып жатқан себебім бар.

Ал, «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы праймериз үміткерлерінің тізімін жариялады. Тіркелген кандидаттардың 36% қыз-келіншектер, ал 33% жастар. Тіпті 78 жастағы зейнеткер де бар. Саяси додаға қатысуға бел байлағандардың қатары әр алуан. Көп балалы аналар, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, дәрігерлер мен мұғалімдер де кездеседі.

Мұрат МҰҚАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Біздің сараптама бойынша қазіргі депутаттардың жартысынан көбі қатыспайын деп отыр. Олар өздерінің шамаларын біліп, жағдайларын біліп, қазіргі таңда жастарға, соның ішінде әйел адамдарға жол беріп, бас тартып отырған азаматтар бар. Неге десеңіз, жаңа толқын, жаңа леп, жаңа көшбасшылары қазіргі таңда алдыңғы қатарға шығып жатыр. Бұл өте қуантарлық жағдай.

Шымкент шаһарында 185 үміткер тіркелген. Бүгін «Nur Otan» партиясы қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары праймеризге қатысушыларымен кездесті. Үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу әдістерін таныстырды. Дейтұрғанмен білек сыбанып отырған жас буын халық пен билік арасында алтын көпір орнатуға ниетті.

Данияр ТАЙЫР, ЖАС КӘСІПКЕР, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Менің жеке мақсатым халық пен биліктің арасындағы бір көпірді орнату. Қазіргі кезде ол көпір бар, бірақ ол әлсіз көпір. Сол көпірді менің мақсатым нығайтып, халық пен билікте болып жатқан мәселелерді барлық әр азамат білуі тиіс деп санаймын.

Кандидаттармен кездесу барысында  пікірсайыс өткізу реті белгіленді. Бұл шара партияішілік сайлауды әділ әрі ашық өткізуге жасалып отыр. Айта кетейік, Шымкенттегі праймеризге қатысушылардың ең жасы жиырмада болса, ең үлкені 83 жаста.  

З. Санай