Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысындағы бір отбасыны қырып кеткен қылмыскерлер Ресейден іздестіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2020
  • 5126

Батыс Қазақстан облысында бір отбасын бауыздап кеткен қанды қол қарақшылар Ресейден іздестіріліп жатыр. Оралдық полиция Ресейдің көршілес облыстарына арнайы сұрау салыпты. Дегенмен қылмыстық істі тергеу амалдары қазір тоқтап тұр. Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Николай Колоницкийдің айтуынша, тергеу мерзімі уақытынан асып кетіпті. Яғни, ол процессуалдық тұрғыда тоқтатылды. Естеріңізге сала кетейін биыл қаңтардың 14 күні Янайкино кентінде қанды оқиға тіркелген. Запромётовтер отбасын белгісіз біреулер қойша бауыздап кетіп, елді дүрліктірген еді.

Николай КОЛОНИЦКИЙ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:


Полиция келген кезде оқиға орнында қылмыскерлер болмаған. Бірақ сол жерден түрлі айғақ заттар табылды. Табылған саусақ таңбаларын да тексеріп жатырмыз. Ресейлік әріптестерімізге де хат жолдап, сұрау салдық. Тергеу ісі әлі аяқталмағандықтан, қалған ақпаратты айта алмаймын.


Қылмысын жасыру мақсатында қарақшылар үйді өртеп кеткен. Ал, ауылдастары Запромётовтердың ешкіммен араздығы жоқ, үлгілі отбасы болғанын айтады. Жан түршігерлік оқиғаға байланысты 3 қылмыстық іс қозғалып ол Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған.

Е. Карин