Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордаға қарайтын ауылда электр сымдары ағаш басына ілініп тұр

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2020
  • 1683

Қызылордаға қарайтын Қызылжарма-3 ауылының тұрғындары электр бағанасынан қауіптенеді. Арнамызға шағымданған халық, электр сымдарының тым төмен орналасқанын, әрі жиі үзілетінін айтады.

Негізгі көшелердегі жағдай - осы. Жарық тартамыз деп сынғалы тұрған ағашқа тоқ іліп қойғандары тағы бар. Өмірі үшін қауіптенген ауыл халқы, мәселеге араласуымызды сұрады. Жергілікті билік неге қамсыз? Қашан сапалы, әрі қауіпсіз бағаналар қойылады? Бұл  сауалдардың жауабын іздеп қалалық әкімдікке хабарластық. Қазір бізбен байланыста құрылыс бөлімінің басшысы бар екен. Ержан Ерланұлы, қайырлы кеш. Проблеманы көрдіңіз, естідіңіз. Қашан шешіледі?  

Ержан ҚАЛДЫБЕКОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:


Тұрғындармен кездесу жұмыстары жүргізіледі. Қызылжарма үш мөлтек ауданы қаланың бас жоспарына енді енгендіктен тиісті жұмыстар атқарылады. Жобасын талқылап, әзірлеп жатырмыз.


Ержан мырза, жаңа көрдік видеодан үйіне электр сымдарын қалай болса, солай тартып алғандар да бар екен. Жел тұрса немесе көлік соқса сынып кететін ағаштардың басына іле салған. Осылай жасаған тұрғындармен түсіндерме жұмыстарын жүргізесіздер ме? Неге жауаптылар қамсыз?
 
Ержан ҚАЛДЫБЕКОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
 
Әрине түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Ол тұрғындардың өздері салып алған бағаналары. Біз мемлекеттік бағдарламамен электр бағаналарын салу үшін жұмыстар атқарып жатырмыз.


Сұхбатыңызға рақмет, Ержан Ерланұлы. Шешесіздер деп сенейік, дегенмен Қызылжарма-3 ауылы тұрғындарының бұл мәселесі қаншалықты шешіліп жатқанын біз өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, "Телерепортер" айдары қайта іске қосылды. Сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ә. Өмірзақ