Русский Сайттың толық нұсқасы

"Nur Otan" партиясының аймақтық филиалдары жеребе тарту рәсімін өткізді

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2020
  • 2337

"Nur Otan" партиясының елордалық филиалы, праймеризге қатысушылар арасында жеребе тарту рәсімін өткізді. Осылайша кандидаттар 45 топқа бөлінді. Бүгіннен бастап олар үгіт-насихат жұмыстарына кірісіп кетті. Ал жарыссөз 14-ші қыркүйекте басталмақ.

Ерлан ҚАНАЛИМОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

14 қыркүйектен бастап 28-не дейін күн сайын пікірсайыс өтетін болады. Әр аудан бойынша күніне үш рет өткізіледі. Пікірсайыстың өтуі эпидемилологиялық жағдайға байланысты қатаң бақылауда болады.

Мұрат МҰҚАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Үгіт-насихат жұмысының әрқайсысы маңызды. Ол жаңағы әлеуметтік желідегі үгіт-насихат. Ашық орындардағы, жаңа айттық, санитарлық нормаларды сақтай отырып, олар тағы аулаға барып, я болмаса үйден-үйге, буклет-флаерларды дайындап үлестіре алады.


Партияішілік сайлауға қатысатын оралдық үміткерлер семинар-тренингке қатысты. Олар дербес жұмыс кестесін түзіп, сайлаушыларына ұсынар бағдарламасын пысықтады. Аймақ белсенділері, үміткерлерді «Nur Otan» партиясының бағдарламасымен жақынырақ танысуға шақырды. Алдағы сында, партия атынан түсетіндер белсенді болуы керек, дейді Мұрат Мұқаев.  

Ғ.Өтемісов