Русский Сайттың толық нұсқасы

Инклюзивті білім беру туралы үздік материалға республикалық байқау жарияланды

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2020
  • 2921

Инклюзивті Білім беру туралы үздік материалға республикалық байқау жарияланды. "Болашақ" қоры 5 аталым бойынша жұмыстар қаралатынын хабарлайды. Олар: телевизия, баспасөз, әлеуметтік ролик, интернет-мақала және ғаламтор -жарияланымы. Өтінімдерді қабылдау басталды, ол 2021 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.

Азамат БОЖАҚОВ, «БОЛАШАҚ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Конкурс осындай балаларға қазақстандық қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыруға оң әсер етеді. Жеңімпаздардың есімдері Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні, яғни 2021 жылғы 2 сәуірде жарияланатын болады.

Ұйымдастырушылар осы шара арқалы, даму ерекшеліктері ерекше балаларды әлеуметтік бейімдеудің практикасына қалам тербейтіндердің қатарын көбейтуді көздейді. Азаматтарды инклюзивті білім берудің міндеттері мен артықшылықтары туралы ақпараттандыруды да мақсат еткен.

Ә. Өмірзақ