ZOOM конференциясынан тағы да шу шықты. Бұл жолы Ақтөбедегі нөмірі 17 мектеп-гимназияның 6-шы сынып оқушылар онлайн сабақ үстінде анайы сөздерге қарық болған. Мұны көрген ата-аналар келеңсіздікті әлеуметтік желіде жариялап, білім платформасының қолайсыздығын жіпке тізді. Қазір полиция онлайн сабаққа қатысты тексерісті бастап кетті.
Жаға ұстатарлық жағдай, нөмірі мектеп-гимназияда кеше болған. 6 «Ж» сыныбы онлайн математика сабағы өткізіп жатқанда, белгісіз біреу оқушылардың атымен кіріп, кедергі келтірген. Тіпті ойына келгенін жазған соң, мұғалім сабақты дереу тоқтатыпты. Ата-аналарда бұған көз жұма қарай алмады. Олар балалардың психикасы бұзала ма деп қауіптенеді.
Ирина ЧЕНЦОВА, АТА-АНА:
Өте қиын зооммен жұмыс жасау. Балаға ауыр. Мұғалім естілмей қалады. Біресе өзінен өзі тоқтап қалады. Бала қиналады. Кеше мынадай жағдай болды. Балалар осындай балағат, анайы сөздерді оқиды. Ол деген баланың жүйкесіне әсер етеді.
Адина ӨТЕГЕНОВА, АТА-АНА:
Өткен аптада сабақ кезінде Қазақстандық әртіс шығып кетті. Өзінен өзі сабаққа кедергі келтірді. Сосын мұғалім өшіріп тастады. Бұл бірінші жағдай емес. Негізі мектепте білім алғанға жетпейді.
Мектеп басшылығы пән мұғалімінен түсініктеме алған. Айтуларынша білім платформасын 30 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз дұрыс қолданбаған. Ол онлайн сабақты ашық қалдырған, осы кезде сабаққа бөтен адам кіруге мүмкіндік алған деп отыр.
Амангелді ОНҒАРБАЕВ, АҚТӨБЕ қ. №17 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Сабақ беретін зейнеткер мұғалім. Горбачева Ирина Федоровна зоомда конференция өткізгенде ашық түрінде қалдырған ғой. Үлкен апай болған соң өзі білген жоқ қалай жабу керектігін. Бірнеше рет кірген бірінші Нұртас-2 деп кірген. Оқушы қарап алғанда екінші рет Бекназар-2 деп кірген соны удалить еткен.
Дегенмен сабақтағы келеңсіздікке 30 оқушы куә болды. Олардың ата-аналары бұған бей-жай қарай алмай, анайы хабарламаларды көшіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Осылайшы білімге жауаптылардан араша сұрайды. Облыстың атқамінерлері болса, сабақ үстінде балағат, әрі анайы жазбалар қалдырған белгісіз жан, ол - оқушы емес деді.
Гүлнәз МЫРЗАҒАЛИЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Сабақ барысында балаға балағат лас сөздерді айтып шыққан адам бұл оқушы емес екендігі анықталыд. Қазіргі таңда жалпы ол сырттың адамы бір баланың атымен кірген. 17 орта мектепте математика сабағы өтіп жатқан кезде оқушының атымен зоом платформасына кіреді.
Оның кім екенін енді полиция анықтамақ. Ал оған қандай жаза қолданылатынын тәртіп сақшылары айтуға құлықсыз.
Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:
Ал басы дауға қалған педогог ескерту алыпты. Оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бақыт Рахметова, Нұркен Жалмұхан «Астана» телеарнасы Ақтөбеден
Б. Рақметова