Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық тұрғындар балалар ойнайтын алаңқайдың жоқтығына шағымданды

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2020
  • 2508
Балалар ойнайтын алаңқай жоқ. Бүгін «Astana Times» редакциясына хабарласқан Қызылорда қаласы Шұғыла мөлтек ауданының тұрғындары осылай деп шағымданды. Олар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды. Себебі, ойын алаңшасы болмағандықтан, жеткіншектер көше кезіп кететін көрінеді. Шыр-пыр болған ата-ана талай рет әкімдікке де барған. Алайда, нәтиже болмаған.


Ақбота БИЛАЛОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әлі күнге дейін гараждардың төбесінде ойнауға мәжбүр. Өйткені алаң жоқ. Немесе көршілес домдарға кетіп қалады. Қазіргі жағдайда білесіздер педафильдер көп. Естігеннен кейін қорқып, уайымдап отырамыз.

Тұрғындардың шағымы бойынша қызылордалық атқамінерлерге хабарластық. Дәл қазір бізбен байланысқа қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Абзал Рысбек бар екен.  Абзал мырза, Қайырлы кеш! Көрерменнің шағымын естідіңіз. Балалар енді осылай жүре бере ме?

Абзал РЫСБЕК, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ТҮКШ, ЖК ЖӘНЕ АЖ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір енді бұған байланысты соңғы осы 5-6 жыл көлемінде Қызылорда қаласына 200-ге жуық балалар ойын алаңдары салынып, пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы бұл аталған тұрғын үйдің ауласына бірінші санаттағы ойын алаңын салып беру мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілген. Алайда, аталған көп қабатты тұрғын үй ауласындағы жер телімінің сәйкес келмеуі, проектіге байланысты. Себебі ол тұрғын үйдің ауласында электр патсанциясы  орналасқан. Біздің былтырғы және биылғы жасап жатқан проектілеріміздің бәрі де бірінші, екінші санаттағы котегория болып есептеледі. Ол жерде үлкен кісілерге тренажерлар бар. Балалар алаңқайы бар.

Сұхбатыңызға рақмет! Мәселені шешіп бересіздер деп сенейік, дегенмен біз өз тарапымыздан бақылауымызда ұстайтынтын боламыз. Қымбатты көрермен, "Телерепортер" айдары қайта іске қосылды. Егер сіздің де өзекті мәселеңіз болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

А. Мүтәлі