Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда тұрғындар үй іргесінде салынатын базар құрылысына қарсы шықты

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2020
  • 3244

Алматыда тұрғындар үй іргесінде салынатын базар құрылысына қарсылық білдірді. Айтуларынша, іргелес аумақтағы құрылыс осыдан жарты жыл бұрын, ешбір ескертусіз басталыпты. Баспанасы мен балаларына алаңдаған жұрт нысанның салынуына рұқсат бермейміз деп отыр. Тараптарды тандаған әріптесім тақырыпты тарқатады.  

Бұл кадрлар базар маңында түсірілген. Жаңа базар құрылысы салынып жатқан жер опырылып, нысанның қабырғасы құлады. Бір адам басынан зақым алды, Кейін анықталғандай зейнеткер сол маңнан бейқайм өтіп бара жатқан.   

Ақшолпан ЖҮСІПОВА, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:

Пациент жергілікті тіркелген жері бойынша емханаға невропотологқа амбуляторлық емделуге жіберілді. Бас-миының шайқалуы, бас пен беттің жұмсақ жарақанттануы деген диаогноз қойылды.


Жаңа базардың іргесі қаланып, құрылысы басталғанына біраз болса да арнайы қоршаулар болмаған. Күтпеген жағдай орын алысымен, жауаптылар айналасын оқшаулапты.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Тұрғындар дабыл қаққасын құрылыстың маңына мынадай қоршаулар қойылыпты. Биліктегілер әзірге қолдан келетіні осы ғана деп отыр. Жұрт оларға құрылысы бітпеген базардың шикіліктерін тізіп берді.

Олар нысан мен тұрғын үйдің ара қашықтығы он метрге де жетпейтіді деді. Әрі осы жаңа базардың кесірінен баспана бүлініп жатқанын айтады.  

Жасұлан ТӘЖІБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы құлағаннан кейін жасады бұның бәрін. Ал одан бұрын қоршаулар болған жоқ. Құрылыс жүріп жатқанда үйдің іші деген жер сілкінісі болады ғой сол сияқты болып тұрады. Жоғарғы қабатта тұратын адамдардың көбісінің үйінің жиһаздары бүлініп жатыр.

Ал құрылыс жүргізіп жатқан мердігердің басшылары оқиға орнынан табылмады. Тіпті олардың кеңсесін де табу мүмкін болмады. Нысанға тапсырыс берушілер болса, қажетті талаптар орындалып жатқанын айтты.  

Ағабек  АКОПЯН, АЛМАТЫ қ. «САРЫ-АРҚА» БАЗАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл орын бұрын базар болған. Енді орнына бір қабатты сауда үйі тұрғызамыз. Құрылыс жұмыстары заң аясында жүргізіліп, барлық талаптар сақталады. Кешегі оқыс жағдайға қатысты ештеңе айта алмаймын. Өйткені біз тапсырыс беруші - мекемеміз.


Жергілікті шенділер, мердігердің жұмысы қадағалауда екенін жеткізді. Оқыс жағдайға не себеп болғанын анықтайтындарын айтып ақталды.

Қосай САНДЫБАЕВ, АЛМАТЫ қ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
 
Мемлекеттік қала құрылысын бақылау басқармасынан қазіргі таңда қаралу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құлаудың себептері анықталуда. Егерде заң талаптарын құрылыс нормаларын бұзған жағдайда айыпты мердігер болсын басқа да құрылыс қатысушыларына қатысты шара қолданылатын болады.

Әйтсе де халық ақырына дейін күреспек. Олар енді жоғарыдағыларға шағымданбақшы.

Ә. Лесбек